«Отбасы-өмір аясы»  атты тренинг

«Отбасы – бақыт мекені» республикалық аптаны өткізу жоспарына сәйкес орталықтың қызмет алушылары және ата-аналары арасында психолог және логопед мамандары «Отбасы-өмір аясы» тақырыбында тренинг өткізді.

Қызмет алушылар мен ата-аналар тренингқа белсене қатысып, берілген ситуациялық сұрақтар мен тапсырмаларға мұқият жауап берді.

Тренинг соңында барлық қатысушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.