«Тарихын тасқа жазған бабалар» тарихи-әдеби кеш

Үшбиік ауылдық округінде, ауылдық кітапханасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы аясында Үшбиік ауылдық кітапхана меңгерушісі Аябаева Шолпанның ұйымдастырумен оқырмандар арасында  «Тарихын тасқа жазған бабалар» тарихи-әдеби кеш ұйымдастырылды. Тарихи-әдеби кешімізде  кітапханашы тарихи жолдарға шолу жасады.  Ауданымыздың  90 жылдығына тоқталып өтті. Оқырмандар - тарихымыз туралы, ауданымыздың 90 жылдығына арналған жырлар оқыды. 18 оқырман қатысты. Шараның мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі тарихы ата-бабаларымыздың бостандық пен өмірі жайлы, еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру. Елімізді паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей келе егемен елімізге қамқор болып, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.