«Көршіңе көмектес!» акциясы

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан көлемінде маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

Солардың ішінде көпшілігі аудан кәсіпкерлерінің, шағын және орта бизнес өкілдерінің қолдауымен жүзеге асуда.

Шараның мақсаты қоғамның әлжуаз топтарына материалдық тұрғыда қолдау көрсету, мүмкіндігінше көмек қолын созу.

Осы мақсатта Жаңғызтөбе кентінде ұйымдастырылған шара барысында «Жаңғыз төбе мұнай өнімдері» ЖШС-нің басшысы Мауытхан Абдрахмановтың  бастамасымен кенттегі отбасы жағдайы төмен адамдарға жалпы сомасы 1 млн. теңге болатын көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, оларға қажетті тұрмыстық техникалар мен азық-түлік басқа да заттар сыйға тартылды. Аталған көмек кент бойынша тұрмыс төмен, жалғызбасты жандар мен көпбалалы отбасыға көрсетілді.

Сонымен қатар, аталған кәсіпорын басшылығы кент аумағында орналасқан білім беру мекемелеріне, оларда өтетін әртүрлі шараларға үнемі демеушілік қолдау танытып келеді.