«Өнерді серік еткен ардагерлер»

«Астананың 20 жылдық» мерейтойына орай Жарма кентінің клуб ғимаратында  аудандық ардагерлер үйінің ұйымдастыруымен «Өнерді серік еткен ардагерлер» атты өнер сайысы өткізілді. Аталған сайысқа Жарма кентінің, Қызылағаш, Қапанбұлақ, Аршалы және Үшбиік ауылдық округтерінің ардагердері қатысты және аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері Н. О. Есполов, Ү.Т. Галиева және Р.Р. Оразбаева қазылық етті.  Сайыс барысында қол өнер көрмесі ұйымдастырылып, аталған округтің зейнеткерлері өз қолдарынан жасаған бұйымдарын көрмеге  қойып, қазылар алқасы әр қойылған бұйымдарға өз бағаларын берді. Қол өнер сайысынан кейін әр округтің зейнеткерлері ән айтып, өз өнерлерлерін көрсетті. Әсіресе Қызылағаш ауылдық округінің  зейнеткерлері ерекше дайындықпен келіп, жиналған қауымды бір серпілтіп тастады.  Домбыра мен күй шертіп, әжелер ансамблі хор айтып, соңында кешкі ауыл өмірінен қойылым көрсетілді.

Бұндай сайыс биылғы жылы алғаш рет ұйымдастырылып, алдағы жылдарда да жалғасын таппақ. Сайыс соңында әділқазылар алқасы өткізілген іс-шараға баға беріп, қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Кеш соңында Жарма кентінің зейнеткерлерінің ұйымдастыруымен келген қонақтарға дастархан жайылып,  келген қонақтар риза болып тарқасты.