"Бір ел-бір кітап"

Жарма аудандық кітапханасында "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі, қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше қаламгер Шəкəрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай "Қаламым-қарындашым,жан-жолдасым!" атты поэзиялық оқулар марафоны өтті.Поэзиялық оқулар марафоны ауылдық кітапханашылардың атсалысуымен қатысушылар арасында сайыс түрінде өткізілді."Дана сөздің дарасы" бөлімінде Шəкəрімнің өлеңдері жатқа мəнерлеп оқылып, 2-бөлім "Сандар сөйлейдіде" ақынның өміржолында маңызды сандар тарихынан сұрақтар қойылып,"Шығармашылық аймақ" атты 3-бөлімде біртуар қаламгердің шығармалары тарихынан,көркемдік ерекшелігінен, идеясынан, кейіпкерлерінен сыр шертілді.Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мол ақпарат берер "Шәкәрім-қазақ әдебиетінің классигі" тақырыбында кітап көрмесі қойылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға белсене қатысқан 7-8 сынып оқушылары шара соңында марапатталып,бағалы сыйлықтар тарту етілді. 1-орын Үшбиік ауылдық кітапханасы атынан келген қатысушы Түсіпханова Гүлназға бұйырса, 2-орынды Бірлік ауылдық кітапханасы атынан келген қатысушы Рахат Тамаша,3-орынды Сұлусары ауылдық кітапханасынан келген қатысушы Құмарбекқызы Сая иеленді. Шара Шәкәрім Құдайбердіұлының өміржолымен, шығармашылық мұраларымен толық танысуға зор мүмкіндік тудырды.Бұл шараның мақсаты Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, поэзияға деген оқырманның қызығушылығын арттыру.