Ауылым – айдын шалқарым

Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне, Жарма ауданының 90 жылдығына арналған Қалбатау ауылының орталық алаңында  «Ауылым-айдын  шалқарым» атты  ауылдық округтар арсында II  аудандық көркемөнерпаздар байқауының Гала концерті өтті.

Концертке ауданға қарасты округтар мен мекемелерден 40  нөмір алынып, Эквадор  елінен «Уанбракуна» тобы келіп өз өнерлерін жұртшылыққа тарту етті. 

 Фестивалдің қорытындысы бойынша Бас жүлдені Георгиевка орта мектебі, 1- орынды аудандық білім бөлімі, 2-орынды Шар қалалық округі, Қалбатау ауылдық округі, 3- орынды Абай атындағы көп-салалы мектеп-гимназиясы, Қапанбұлақ, Жарық ауылдық округтары,  4-орынды  Белетерк, Қаратөбе және аудандық аурухана ұжымыдары иеленіп  аудан әкімінің дипломдары мен заттай сыйлыққа ие  болды. Фестиваль соңы мерекелік отшашумен жалғасты.