Астана күні «Астана-асқақ бас қала!»

Астана - Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылған бас қаламыз. Астана күні – жалпы ұлттық сипатқа ие мереке, халықтың асыға күтетін, зор қуанышына айналған ерекше күн.

Елорданың 20 жылдығын мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде дүркіретіп өткізілуде, Шалабай ауылдық округі де шетте қалмай 6 шілде күні сағат 10:00-де аталмыш мейрам күнін атап өтті. Концерттік бағдарламада әсем қаламызға арнап әсем-әсем әндер айтылып, билер биленіп, көрініс қойылды. Мерекелік концертті ауыл тұрғындары келіп тамашалады

Барша қазақстандықтар үміт артып, үлгі тұтып отырған бас қаламыздың қарышты қадамы шынында да мақтан етуге лайық. Астана- еліміздің бақыты. Астана күні-бүкіл қазақстандықтардың мейрамы!!!

Орынд. Жетекші маман Ташенева Ж.А
Клуб меңгерушісі Нургалиева Ж.