Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары...

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Қасымбекұлы Ақтановтың және «Полиметалл» АҚ бас директоры Виталий Натанович Несистің, Жарма ауданының әкімі Нұрлан Бәтташұлы Сыдықовтың қатысуымен (Polymetal International тобына кіретін) «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-н салтанатты түрде іске қосу рәсімі өтті. Кәсіпорынның жұмыс істеуінің басталуы Қазақстанның металлургия саласының елеулі даму кезеңі болып табылады және елдің өнеркәсіптік картасында жаңа заманауи алтын өндірісі пайда болды. «Қызыл» кендері алтынды өндірудің күрделі технологиясымен ерекшеленеді. Қызыл жобасын іске асыру өңір мен облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына оңды әсер етуде. 2014 жылдан бастап «БТКӨК»ЖШС облыстың және Жарма ауданының әлеуметтік жобаларына 1,9 млрд теңге инвестиция жасады. Кәсіпорын орналасқан Әуезов кенті инфрақұрылымының дамуына 2 млрд атық теңге инвестицияланған. 2018 жылы «БТКӨК» ЖШС облыс және аудан инфрақұрылымының дамуына 851 млн теңге инвестициялауды жоспарлап отыр.