Екінші бильярд жарысы...

Мемлекеттік қызметкерлер арасында дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Ардагерлер үйінің ұйымдастыруымен өткізілген Дәлелхан Шаханұлын еске алуға арналған 2-ші бильярд жарысы мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілді.

Турнирде Жарма аудан әкімі аппаратының басшысы А.Узбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есполов сөз сөйлеп құттықтап, жарыстың соңында жеңімпаздарға кубок, медаль, алғыс хаттар мен грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бильярд жарысының қорытындысы бойынша:

45-60 жас аралығында

1 орын- Ағайсенов Серік (Қалбатау ауылдық округі)

2 орын-Жақсыбаев Қайрат (Қалбатау ауылдық округі)

3 орын-Алдажар Дәурен (Үшбиік ауылдық округі)

60 жастан жоғары

1 орын-Қасенов Төлеубек (Қалбатау ауылдық округі)

2 орын-Құсманов Құмар (Қарасу ауылдық округі)

3 орын- Қамбаров Марат (Ақжал ауылдық округі)