Менингококк  ауруынан  сақтанайық!

Менингококк жұқпасы –  ми қабығының қабынуымен (менингит),  өзінің асқынуларымен   қауіпті, бактериалдық  жұқпалы ауру. Жұқпаның  қоздырғыштары - менингококк бактериялары, олар  ауа-тамшылары  арқылы – сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде беріледі. Менингококк  жұқпасын таратушылар:

-мұрыны  мен тамағы ауырған науқастар,

-  аурудың ешқандай белгісі жоқ, бактерия тасымалдаушы,   ересектер   адамдар.

Менингококк  жұқпасына  әртүрлі жастағы адамдар бейім келеді, бірақ  көбінесе   5 жасқа дейінгі балалар ауырады және олардың  арасында өлім-жітім жағдайлары  да  жиі кездеседі. Аурудың  ең көп тіркелетін мезгілі –көктем айлары.

 Аурудың алғашқы белгілеріне а ерекше  көңіл бөліңіздер:

1. Дене қызуының кенеттен  38-40 градусқа дейін  көтерілуі;

2. Тамақтың қызаруы, мұрынның бітелуі,  әлсіздік,

3. Бастың қатты  ауырып,  жылдам күшеюі;

4. Тамақ ішуге байланысты емес  құсу,

5. Денеде, санда және аяқта жұлдызша тәрізді бөртпелердің пайда  болуы

6. Жоғарыда  көрсетілген белгілер байқалғанда дереу 103 телефоны арқылы  жедел жәрдем   шақырту қажет. Медициналық көмекке   екінші тәулікте  қаралу- өте кеш болып саналады және  аурудың асқынулары  мен  өлім-жітім жағдайларының  көбеюі  мүмкін.

Менингококк  қоздырғышын   жұқтырмау  үшін  келесі  алдын алу шараларын сақтау қажет:

1. Адамдар көп жиналатын жерлерге ( діни мерекелер, көңіл көтеретін  және сауда орындары, базарлар, спорт секциялары, кинотеатрлар және тағы басқалар )   баруды шектеу, осы жерлерге  5 жасқа дейінгі балаларды апармау;

2. Бөлмелерді күнделікті  желдетіп, жуып отыру;

3. Ас алдында, қоғамдық орындардан келгенннен кейін қолды  сабындап жуу;

4. Ағзаны  суық тиюден ( әсіресе  көктем айларында) сақтану, ыстық көтерілгенде, қатты бас ауырғанда, тамақ қызарып, денені әлсіздік басқанда дереу дәрігерге  қаралу.