31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды зұлмат жылдары солақай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алып, оларды ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні етіп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күн Қазақстан халқы үшін айрықша мағынаға ие. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қатігез саясаттың нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырап, «Халық жаулары» атанған зиялы қауым өкілдерімен қоса, олардың жақындары да жапа шекті.

Осыған орай 31 мамыр күні Шалабай ауылдық кітапханада сағат 10:00 де дөңгелек үстел  өтті. Бұл шара жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бірі болып табылады.

 Дөңгелек үстелге ауыл тұрғындары,әкімшілік қызметкерлері,мектеп ұжымы, жастар ұйымдары белсена қатысып өз ойларын еркін жеткізді.

Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.