«Жарма өңірінің киелі жерлері» ақпараттық-танымдық сағат

Шар қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Б.Тұрсынов атындағы орта мектептің 5-6 сынып оқушыларымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Жарма өңірінің киелі жерлері» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Шара барысында оқушыларға  слайд арқылы  Жарма мен Шар жерінің тарихы  және  бұл өлкеде әр түрлі байлықтар, ел мен жерді қорғаудың өшпес үлгісін көрсеткен батырлар, есімдері өлкеден алыс жерлерге белгілі болған ақындар, атадан балаға аңыз-жыр боп жеткен қатпар қатпар тарихы  Делбегетей тауы, Әлжан көлі, «Қара мола»  киелі мекен, Қыз әулие бейіті, Керей ер Жәнібек, Шар су қоймасы, «Арасан» сор көлі, Қалбатау жотасы, Ортабұлақ ауылының маңынан ағып жатқан, қасиетті «Әулие көл» Балықты көл – туралы қысқаша мәліметтер берілді. Оқушыларға сұрақтар берілді. Сұрақтарға нақты толық жауап берген оқушылар Мұхтарова Камила, Қанапия Құндыз, Хамза Бекарыс, Қумашев Әділжан шағын сыйлықтармен марапатталды. Іс- шараға сынып жетекшісі Ракишева Г.С. мен мектеп кітапханашысы Идрышева Б. қатысты.