Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыстары

15 мамырда бекітілген жоспарға сәйкес - дін мәселелері бойынша аудандық ақпараттық түсіндіру тобының  – Үшбиік, Аршалы ауылдық округтері және Жарма кентінің тұрғындарымен кезекті кездесулері өтті. Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы И. Какимжан және аудандық орталық мешітінің наиб-имамы Әбдусамет Тойқылды дәстүрлі емес діни ұйымдардың негізгі бағыттары, олардың қарамағына ілінбеу, дәстүрлі дін құндылықтары және дін мен дәстүр сабақтастығы туралы баяндамалар жасады. Кездесу соңында тұрғындардың толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.