«Георгиевка орта мектебі» КММ бойынша жалпыұлттық  мектепiшiлiк ата-аналар жиналысының өткізіліу туралы

2018 жылдың 15 мамырында  «Георгиевка орта мектебі» КММ - де «Білімді ұлт- сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өкілдері, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы, ардагер ұстаздар қауымының қатысуымен жалпыұлттық  мектепiшiлiк ата-аналар жиналысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту,   барлық бағыттардағы іс-әркеттерде   мектеппен  ата-ананың ынтымақтастығын арттыру, мұғалімдердің, ата-аналардың ортақ шығармашылығын нығайту, оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру және жаңа форматтағы ҰБТ-ны  ұйымдастыру болды.  Жиналыс барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі атты баяндама оқылып, 2017-2018 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтап, ағымдық, аралық, қорытынды аттестаттау, оқу процессін цифрландыру, «BilimLand» білім беру платформасын пайдалану туралы қажетті мағлұматтар айтылып, слайд, видеороликтер көрсетілді.