«Жігіт сұлтаны-2018» байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 15 мамыр Астананың 20 жылдығы. Жарма ауданының 90 жылдығына орай  «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы өткізілді. 

Байқаудың мақсаты - ұлттық құндылықтарды сақтау, тұрғындардың рухани-мәдени құндылықтарын сақтау және молайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру арқылы отансүйгіштікті нығайту.

Байқауға ауданның әр округінен үміткерлер қатысып, кезеңнің сайыстарымен танысып, өз өнерлерін көрсетті.

«Жігіт сұлтаны-2018» байқауының қорытындысы бойынша Қалбатау ауылдық округінен Бекбосынов Аслан басқа үміткерлерден басым болып, бас жүлдені жеңіп алды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.