Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 сәуірі күні

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 сәуірі күні Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде «Зияткер» желілік мектеп кешенінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты: балалардың инженерлік-техникалық әлеуетін ынталандыру және политехникалық ой-өрісін кеңейту. Ауданымыздан «Георгиевка орта мектебі» КММ-ң мектепалды даярлық тобы және 1 сынып оқушыларынан құралған «Жарманың жас дарыны» командасы олимпиадаға қатысып, нәтижесінде мектеп алды даярлық тобы тәрбиеленушілері арасынан Ертуған Балнұр ағылшын тілі пәнінен, Серікжан Ерасыл қызықты математика пәнінен, Калимбек Алдира тілашар және Кенжебек Жамиля әлемді танимын бағыттарынан I орын, Абдукаримова Дильназ орыс тілі пәнінен III орынға ие болды. 1 сынып оқушылары Сейілғазы Әлижан инженерлік есептердің шығармашылық шешуі бағытынан II орын, Есенгельдинова Нұрайым сауат ашу пәнінен III орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табыс етілсе, олимпиадаға қатысқан барлық тәрбиеленушілер мен оқушыларға сертификаттар берілді.