2018 жылғы 7 сәуір күні Маяковский атындағы орта мектепте оқушылар арасында дойбыдан  командалық аудан біріншілігі өтті. Біріншілікке аудан мектептерінен 10 команда қатысты. Жарыс швейцариялық әдіспен өткізіліп, 7 турдан соң ойын қорытындысы бойынша 1-орынды Карелина атындағы орта мектебінің  командасы жеңіп алса, 2-орынды Көшек негізгі мектебінің командасы иеленді, 3-орын Қалматаев атындағы орта мектебіне бұйырды. Жеңімпаздар Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.