«Ертегілер еліне саяхат» саяхат-ойын

Балалар апталығының  4 күнінде Абай атындағы мектеп балабақша кешенінің 3 сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат» ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты:

·        ертегі туралы балалардың білімін кеңейту;

·        тіл мәдениетін дамыту;

·        топпен жұмыс істеу қабілетін, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Үш топқа бөлінген қатысушылар шара барысында Ертегілер білгірін, Жұмбақ патшаны анықтап, ертегілер туралы білімдерін ортаға салды.

«Сиқырлы заттар қоймасы» атты аялдама балалардың қызуғышылығын тудырды. Олар Алтын кілттің, тақияның, қызыл телпектің т.б. сиқырлы заттардың иелерін тапты. Ең белсенді қатысушылар және ең көп ұпай жинаған топ шағын сыйлықтармен марапатталды.