Білім саласы қызметкерлерінің XX спартакиадасы өтті

Ағымдағы жылғы 28-30 наурыз аралығында Б.Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде білім беру мекемелері мен мектепгі дейінгі ұйымдар педагогтарының арасында Жарма ауданының 90 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығына  орай XX спартакиада болып өтті.

Шараның салтанатты ашылуында аудан әкімі Н.Сыдықов  қатысушыларды құттықтап,  сайыста сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, аудан басшысы және білім және ғылым қызметкерлері  кәсіподағы кеңесінің төрайымы Р.Сарсенбаеваның 15 ардагер ұстаздарға құрмет грамотасын, алғыс хат және бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Жыл сайын өткізілетін  дәстүрлі спорттық шараға барлығы 500-ден астам білім саласының қызметкерлері қатысты.  Бағдарлама бойынша қол күресі, үстел теннисі, волейбол, баскетбол және тоғызқұмалақ түрлерінен жарыстар өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды -Маяковский атындағы орта мектеп, 2 - орынды  Жаңғызтөбе бала бақша кешені, 3 - орынды Георгиевка орта мектебінің командалары иеленді.