Астананың 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Шалабай ауылдық округінде 13-наурыз күні “Елорда шежіресі” тақырыбында  дөңгелек үстел  өтті. Шара ел астанасы – Астана қаласының 20 жыл толу мерекесіне арналды.

Дөңгелек үстелді  ашқан Шалабай ауылдық округі әкімі Ж.Есембаева қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық, кәсіби табыстар мен жетістіктер тілеп,  Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы қабылдаған тарихи шешімі халқымыздың өмірінде жаңа дәуірді ашып, еліміздің экономикасының көтерілуі мен қоғамның рухани өркендеуінің символына айналғандығын атап өтті.

Шара барысында Елбасының, оның даналығы, ерік – жігері мен батылдығының арқасында ғана Астана Еуразияның маңызды саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми білім беру орталығына, әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өткізетін орынға айналып, бүгін Қазақстанның астанасы – Президентініміздің жүзеге асқан арманы, әлемнің ең озық, қарқынды және әдемі қалаларының бірі, барлық қазақстандықтардық мақтанышы болып табылатындығы айтылды.