Кәсіпкерлер форумы

Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде Жарма ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының 2017 жылғы қорытындысы және 2018 жылға жоспарлары бойынша Кәсіпкерлер форумы өткізілді.

Форумға аудан әкімі Н.Б.Сыдықов, аудандық мәслихат хатшысы А.Ж.Сахметжанова, бөлім басшылары, ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Форум бағдарламасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Н.А.Нұрғалиев «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының 2017 жылғы қорытындысы және 2018 жылға жоспарлары туралы»  баяндама жасады.

Жарыссөзде өнеркәсіп саласынан кәсіпорын басшылары және шағын кәсіпкерлік саласынан  жеке кәсіпкерлер сөз сөйледі.

Өткен жылдың үздік кәсіпкерлері мен кәсіпорындарына 9 номинация бойынша диплом және 100 000 теңгенің сертификаты берілді, сондай-ақ ауданның экономикасына қосқан үлесі үшін шағын және орта бизнес салысының бірқатар басшылары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2017» республикалық конкурсына белсене қатысқаны үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дипломымен «Бақыршық тау - кен  өндіру кәсіпорыны» ЖШС және «Жаңғызтөбе мұнай өнімдері ЖШС басшылары марапатталды.

Форум аясында ауданның бизнестің әлеуметтік ынтымақтастығы шеңберінде 11 ірі кәсіпорын басшылары мен аудан әкімі арасында жалпы көлемі 122 млн. 455 мың теңгенің меморандумына салтанатты түрде қол қою рәсімі өткізілді.