Егістік жерлердің игерілуі туралы отырыс өтті

Жарма ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жарма ауданы бойынша егістік жерлердің игерілуі туралы отырыс өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Н.А.Нұрғалиевтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық жер қатынастар бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі, Жарма аумақтық инспекциясы, тұқымдық зертхана мамандары, кәсіпкерлік палатасының Жарма аудандық филиалының директоры, ауылдық округ әкімдері, шаруашылық құрылымдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес екі сұрақ талқыланып «2018 жылы Жарма ауданы ауыл шаруашылық құрылымдарына бекітілген егістік алқабтарының игерілуі» және «Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын ауыл шаруашылық құрылымдарымен дайындалуы» туралы мәселелер қаралды. Отырыстың соңында талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстар жасалды.