Әскери –патриоттық клуб ашылды

Ағымдағы жылдың ақпан айында Шар қаласындағы Абай атындағы орта мектеп базасында Ауған соғысының интернационалист –жауынгері, жерлесіміз Бейсембаев Самат Сарбасұлы атындағы «Жас сақшы» әскери-патриоттық клубының ашылу салтанаты болды.

Шараға аудандық әкімдік өкілдері, аудан әкімінің орынбасары А. Ибраев, мектеп оқушылары, жауынгердің туыстары, әскери қызметкерлер және қоғам белсенділері қатысты. Жиын барысында Бейсембаев С. өмірі туралы бейнеролик көрсетіліп, әкім орынбасары А. Ибраев сайысқа қатысушыларды құттықтады.

«Жас сақшы» әскери-спорттық патриоттық клубының мүшелері салтанатты түрде ант қабылдап, ШҚО «Әскери спорттық клубтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Асаубайұлы Тусупов клуб мүшелеріне арнайы куәліктер табыстады. Шар қаласының өнерлі жастары концерттік бағдарламаларын тарту етті.

Аталған шараға барлығы 8 команда қатысты, соның ішінде Бородулиха ауданының командасы да болды.

Сонымен қатар аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі, шақыру бөлімшесінің бастығы Д. Нұртөлеуұлы, Ауған соғысы ардагерлер комитеті төрағасының бірінші орынбасары Н. Траиспаев қатысушыларды құттықтап, шара «Зарница» әскери-патриоттық ойынымен  жалғасты.

Бүгінде жастармен жүргізілетін әскери-патриоттық шараларда интернационалист-жауынгерлердің бастамасымен өтіп жатқан жұмыстар Отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа бағытталған.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Маяковский ат. орта мектеп, ІІ орынды (Шар қ.) Абай атындағы орта мектеп және ІІІ орынды Абюай атындағы мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды.  

Барлық командалар алғыс хаттар және медальдармен марапатталды. Ал Маяковский атындағы орта мектеп командасы ауыспалы Кубокты иеленді.