Облыстық «Жұлдызша» турнирі

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден облыстық «Жұлдызша» турниріне аймақтық ойындарының ашылу салтанаты болды.

Іріктеу ойындарына Жарма, Аягөз, Үржар, Көкпекті, Тарбағатай аудандарынан барлығы 5 команда қатысуда. Командалар үлкен және кіші топ болып өзара сынға түсуде. Аймақтық кезең ойындары аудан орталығы Қалбатау ауылында екі күнге созылады. Осы спорт додасында алдыңғы екі орыннан көрінген командалар облыстық «Жұлдызша» турниріне жолдама алады. Осы орайда, аталмыш турнирдің былтырғы жылғы жарысында жүлделі екінші орынды иеленген жармалық жас хоккейшілердің биыл да мұз айдында өнер көрсетіп жатқанын айта кеткен орынды. Ойынның бірінші күнінде  Жарма ауданы Үржар ауданының 10-да:1 есебімен бәсекеге түсті.

Жалпы, Жарма ауданында балалар жасөспірімдер спорт мектебі нәтижелі жұмыс істеуде. Бүгінші таңда спорт мектебіндегі 40-тан аса жаттықтырушы спорттың 12 түрінен 2 мыңға тарта жас саңлаққа тәрбие беруде.

Жарысқа аудан әкімінің орынбасары А. Ибраев және облыстық білім беру басқармасының қосымша білім беру дене шынықтыру бөлімінің бас маманы А.М Кабдулгалиев қатысты.