Жарма ауданы әкімінің орынбасары Н.Нургалиев аудандық ішкі саясат...

Жарма ауданы әкімінің орынбасары Н.Нургалиев аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Матанов Мәулетбек Секенұлына салтанатты түрде   «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановтың мадақтамасын табыс етті.

Аталған Жарма аудандық ішкі саясат бөлімі Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің келісімі бойынша, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы аясында  жүзеге асырылған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді насихаттау үшін  Жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша Мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқауға қатысып,  «Үздік бөлім» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынды иеленген болатын. Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңізге жеміс тілейміз!