Рождество мерекесімен құттықтаймыз!

Православ христиандарын және барша тұрғындарды шуақты мереке - Рождествомен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке көптеген ғасырлар бойы адамдардың жүрегін ең жарқын сезімдерге - жақыныңа деген сүйіспеншілік пен мейірімге толтырып, үнемі бейбітшілік пен жақсылыққа, ізгі ниет пен игі істерге жетелеп келеді. Бұл мәңгілік рухани құндылықтар барлық діндердің өкілдерін біріктіреді. Олар еліміздің бүкіл жетістіктері мен дамуының берік негізі болып саналады. Болашаққа бағыт ұстаған еліміздің қайталанбас келбетін қалыптастыра отырып, түрлі мәдениеттер мен салт-дәстүрлер бір-бірін байытып жатқан біздің қоғамның күші бейбітшілік пен келісім іргетасына табан тірейді.  Бұл өзара көмек дәстүрі мен өзара сый-құрметті әрдайым басты орынға қоятын барша халқымыз үшін маңызды. Біз православиені ұстанатын отандастарымыздың, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Осы ізгі мерекеде баршаға татулық пен сүйіспеншілік, бақыт,  игілік пен бақ-береке тілейміз!