«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қалбатау ауылындағы Жастар үйінде «Қазақ тілі» қоғамы аудандық ұйымының алғашқы төрағасы, «Жарма ауданының құрметті азаматы» Нұролла Өзбековты еске алуға арналған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты іс-шара өтті.

Шара жас ақындардың ана тілі туралы өлеңдерін оқуынан басталды.

Жиналғандар назарына Н.Өзбековтің өмірі мен еңбек жолы туралы ақпараттық слайд ұсынылды.

Аудан басшысы Н.Сыдықов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан қадірлі ақсақалдың мемлекеттік тіл мен ұлттық салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртудағы еңбегіне тоқталды.

Нұролла Өзбековтің бұрынғы әріптестері, достары, жақындары және таныстары өз естеліктерімен бөлісті.

Аудан әкімі және Нұролла Өзбековтің ұлы Асқар Өзбеков шығармашылық байқаудың жүлдегерлеріне,  білім және мәдениет қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар тапсырды.

Іс-шара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі көркемөнер ұжымдарының концерттік нөмірлерімен аяқталды.