«Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» тақырыбында өткен байқау туралы

2017 жылдың 23-30 қарашасы аралығында жалпы білім беру мекемелерінде белгілі қоғам қайраткері, Жарма ауданының «Құрметті азаматы» Нұролла Өзбековты еске алуға арналған «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» тақырыбында апталық өтіп, 4 желтоқсанда 9-11 сынып оқушылары арасында байқау ұйымдастырылды.

Байқауда оқушылар 2 бағам бойынша өз өнерлерін, білімдерін ортаға салды.

І. Эссе бағамы:

ІІ орынды -№236 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Д.Біржанова,

ІІІ орынды-Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысыБ.Абдулхамитова;

ІІ.Мүшайра бағамы бойынша:

І орынды- Маяковский атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ж.Еркін;

ІІ орынды-Жаңғызтөбе мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушысы Д.Мейрамбекова;

ІІІ орынды-№236 орта мектебінің 11 сынып оқушысы А.Марат және Абай атындағы  көпсалалы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы А.Қуаныш иеленді.

Ана тілі әр адамның өз ұлтының жан-дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жинаған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры екенін сезініп, ана тіліне деген құрметтерін, патриоттық сезімдерін оқушылардың жүрек жарды шығармаларымен көрсете білуі қөңілді қуантты.