Самат Қойшыбаевты еске алу  турнирі

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылындағы Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде Қойшыбаев Самат Мұқатайұлын еске алуға арналған облыстық турнир өтті.  Қойшыбаев Самат Мұқатайұлы өз өмірінің басым бөлігін Жарма ауданындағы еркін күрестің дамуына арнаған болатын. Турнирге Шығыс Қазақстан облысының әр аймағынан жиналған 12 команданың құрамында барлығы 150 жас палуан қатысып, күш сынасты. Облыстық турнирдің ашылу салтанатында Жарма ауданы әкімінің орынбасары А.Ибраев сөз сөйлеп, спортшыларға сәтіллік тіледі. С.Қойшыбаевтың туыстары мен әріптестері қонақ ретінде келіп қатысты. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.