М.О.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай футболдан жарыс өтті

 Жарма ауданының Әуезов кентінде қазақтың ұлы классик жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері  М.О.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған футболдың ақтық ойыны өтті.. Әуезов кентіндегі Бақыршық орта мектебінің футбол алаңында өткен  ақтық ойынға аймақтық ойындардың жеңімпаздары қатысты. Шар қаласынан келген команда мен Әуезов кентінің командасы өзара сынға түсіп, Шар қаласының командасы 6:0 есебімен бас жүлдені жеңіп алды. Барлық қатысушыларға дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктары мен дипломдары табысталды.  

      1913 жылы тамыз айында қазақ жерінде тұңғыш рет Семей қаласында «Ярыш» атты футбол командасы құрылғанда оның беделді мүшесі жас Мұхтар болғанын айта кету керек. М.Әуезовтің бірден алғашқы ұйымдасқан футбол командасына алынуы, оның бұған дейін де доп ойнап, шеберлігін ұштап, футбол өнеріне деген шын ықыласының айғағы.