Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына арналған көшпелі отырыс

2017 жылғы 8 тамыз күні Қалбатау ауылында, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің тапсырысына сәйкес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені аясында,  «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау» тақырыбында көшпелі мәжіліс өткізіледі.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық және этномәдени бірлестіктер, БАҚ өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, бизнес-құрылым, білім беру саласы қызметкерлері шақырылды.

Мәжілісті кіріспе сөзбен Жарма ауданы әкімінің орынбасары С.М.Брынзов ашты.

Күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды: «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру туралы» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Асқар Арыстан), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау шаралары туралы» (Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы М.Қ. Жұмағалиева), «Электронды үкімет порталы және азаматтарға арналған үкіметтің мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет туралы көпшілікке тарату» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А. Ф.Жүкенов), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын салуда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау шаралары туралы» (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы О.М. Бекмолдин), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын салуда бизнес-қауымдастықтың проблемалық мәселелері туралы» (Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Д. Б.Мұхаев, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруда «Нұр Отан» партиясымен өзара іс-қимыл туралы» («Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Ж. Оразғалиев), «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл туралы» (аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Д.С.Какиманов).

Мәжілісті Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы М.С.Матанов қорытындылады.