Астана күні аталып өтті

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде аудандық жастар үйінде «Астана күніне» арналған салтанатты шара болып өтті.

Жиынға аудандық әкімдік өкілдері, маслихат хатшысы, ауыл тұрғындары және жастар өкілдері қатысты.

Сонымен қатар шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызмешілер ант қабылдап, «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданушыларға куәліктер табысталса, мерекеге орай ауданымыздағы көпбалалы аналарға «Күміс алқа» төсбелгілері берілді.

Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінің концерттік бағдарламамен ұласты.