«Әр өлеңі ән боп төгілген» поэтикалық әуен отырыс

Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың биыл мерейлі жылы.Соған орай Шар қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен ақынға арналған

«Әр өлеңі ән боп төгілген» атты  поэтикалық әуен отырыс өткізілді.

Іс- шарада оқырман қауымға  ақынның сөзіне жазылған "Қол жетпесім",«Махаббатым»,«Ертеңіме сенемін» бейнесюжет арқылы 

Ирaн Ғайыптың «Алланың бары - ақиқат» және тағы басқа әндері ұсынылып,

бейнесюжет арқылы өмірбаянымен таныстырылды. Қазақтың жаны, жүрегі, рухы барда Иран-Ғайып шығармаларының шын­дықтың шырағына айналып, өмір-тіршілігімізге шуақ шашып тұратыны күмәнсіз.