Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 28 маусым Астана қ.

«Қазақстан экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы»

Орталық коммуникациялар қызметінде «Назарбаев Университеті» ДБҰ Инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті Қанат Әбдуәлиұлы Байғариннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мәселесін бірінші басымдық ретінде белгілеген болатын.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Университет өзінің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда. Назарбаев Университеті базасында Astana Business Campus Инновациялық кластері құрылды, ол «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам»  бағдарламасының 63-ші қадамына сәйкес  еліміздің ғылымды қажетсінетін  экономикасын қалыптастыруға негіз болады.
«Инновациялық кластердің мақсаты озық технологиялар мен жобаларды трансферттеу және коммерцияландыру үшін ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет субъектілерін біріктіру, сондай-ақ Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін алаңдар құру болып табылады. Бүгінгі таңда Astana Business Campus Инновациялық кластерінің базасында Коммерцияландыру офисін, Технопаркті және Бизнес Инкубаторды қамтитын жобаларды коммерцияландыру жүйесі құрылды. Осы жүйе  инновациялық жобаларды іске асыруға және нарыққа шығу жолын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Назарбаев Университеті» ДБҰ Инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті Қанат Байғарин.
2013-2016 жылдар аралығындағы кезеңде Коммерцияландыру офисі Университеттің ғалымдары мен оқытушы-профессорлар құрамының (ОПҚ) жалпы 17 жобасын, атап айтқанда, робот техникасы және АТ, биомедицина, энергия тиімділігі және жаңа материалдар сияқты басым бағыттардағы жобаларын қаржыландырды.

Astana Business Campus – бұл ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге және технологиялық міндеттерді шешуге арналған, пайдалануға қолайлы заманауи үй-жайлар кешені. Бүгінгі таңда 10 инновациялық компания Технопарк резиденттері болып табылады, олардың арасында Университет базасында құрылған стартаптар бар.

Баспасөз хабарламасы барысында «Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесінің Бас директоры Айдар Жақыпов 2016 жылы Бизнес-инкубаторда Назарбаев Университетінің «ABC Quick Start – 2016» инновациялық жобалар акселерациясының алғашқы бағдарламасы өткізілгенін атап көрсетті. Бағдарламаның мақсаты венчурлық компаниялар, корпорациялар, мемлекеттік тапсырыс берушілер және, тұтас алғанда, қоғам үшін маңызды жоғары технологиялық жобалар санын өсіру есебінен Назарбаев Университеті аумағында инновациялық ортаны дамыту болып табылады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Астана қаласы Әкімдігінің және «Astana Innovations» АҚ-тың қолдауымен екінші акселерациялық бағдарлама өткізіледі. Бағдарламаға қатысу үшін 94 өтінім келіп түсті, оның ішінде 11 өтінім акселерациялық бағдарламадан өтуге іріктеліп алынды.

Қазақстан жастары мен студенттердің арасында инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Технопарктің базасында әртүрлі іс-шаралар мен конкурстар өткізілуде.

Сондай-ақ Университеттің негізгі басымды бағыттарының бірі байланысты зерттеулер болып табылады. Осы бағыт аясында Назарбаев Университетінің базасында «World Bank Group», «USAID», «Petrofac» мұнай инжинирингтік компаниясы, «Еуразиялық топ» ЖШС (ERG), «KEGOK» АҚ, «Самұрық-энерго» АҚ сияқты ірі ұйымдар мен компаниялар үшін байланысты зерттеулер іске асырылуда.

«Назарбаев Университі» ДБҰ Инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері Дамель Мектепбаева Astana Business Campus Ғылым паркі құрамдас элементтерінің бірі болып табылатын Биомедициналық кластер туралы айтып берді. Биомедициналық кластер зияткерлік, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану есебінен биомедициналық зерттеулерді  коммерцияландыру мен жоғары технологиялы бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған  инновациялық экожүйе болып табылады.
Кластер қызметінің негізгі бағыттары болып табылатындар: медициналық туризмді дамыту, дәрілік заттарды клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеу, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің студенттеріне білім беру үшін таңдаулы практикасы бар профессорларды тарту, инженерлік және сабақтас сервистерді тарту, бүкіл әлемнен биомедициналық жобаларды/стартаптарды тарту, инновациялық қызмет нәтижелерін  шетелдік нарықтарға ілгерілету.
«Назарбаев Университеті» ДБҰ Инновацияларды дамыту департаментінің директоры Олжас Махамбетов Сандық Қазақстан бағдарламасын іске асыруға Назарбаев Университеттің өз үлесін белсенді қосып отырғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, университет АКТ (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар) саласында мамандарды жариялау мен дайындау бойынша сыртқы бастамаларды белсенді  қолдап келеді. Биыл Назарбаев Университет базасында nFactorial бизнес-инкубаторының жазғы бағдарламасы іске қосылды; Назарбаев Университет қызметкерлері басқа жоғары оқу орындары мен ұйымдар жүргізетін конкурстарды, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыруға қатысуда.
Назарбаев Университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін жариялау мақсатында Мектептердің ғалымдары мен оқытушы-профессорлар құрамы үшін Қазақстан Республикасының ірі  өндірістік компаниялары және зауыттары орналасқан жерлерге жұмыс сапарларын ұйымдастырады.

Коммуникациялар және маркетинг департаменті,
Назарбаев Университеті, дербес білім беру ұйымы
Адрес: Астана, Қабанбай батыр д, 53
Тел:+7(7172)709357, 706091, 709449, 694738, 706117
Email:pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz