Аудан әкімінің түлектерге арналған кеші

2017 жылдың 14 маусымында  мектеп бітіруші 102 түлекке  арналған аудан әкімінің «Армандастар-2017»  мерекелік шарасы өткізілді. Салтанатты іс-шараға оқу үздіктері, әр түрлі өнер, спорт байқауларының жүлдегерлері,  аудан әкімі, аудандық маслихаттың хатшысы, ауданның «Құрметті азаматтары», еңбек ардагерлері-ұстаздар, мектеп директорлары, ата-аналар  қатысты. Биылғы түлектердің 32-сі «Алтын белгі», 16-сы «Үздік аттестат», 54-і өнерлі, дарынды, үздік спортшылар. Аудан әкімі Н.Сыдықов үлкен өмірге жолдама алғалы тұрған мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, жетістіктеріне тоқтала келе, ұстаздар еңбегін атап өтті, жастардың қалаған оқу орындарына түсіп, жаңа белестерден көріне берулеріне тілектестік білдіріп, ақжол тіледі. Құттықтаудан кейін түлектерге «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестаттарды тапсыру рәсімі өтті. Мерекенің құрметті қонақтары өнерлі, дарынды, үздік спортшы түлектерге сыйлықтар табыс етті.  Түлектер атынанан «Алтын белгі» иегері Б.Латиф, ата-аналар атынан С.Түсіпбаева өз тілектерін білдірді. Жас гвардияшылар, барабаншылар тобы, балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерімен көпшілікті тамсандырып, мереке   соңы жас түлектердің вальсімен және аспанға ұшырылған түрлі-түсті әсем шарлармен және орталық алаңдағы би кешімен аяқталды.