«Георгиевка орта мектебі»КММ.  «Жұлдызды шақ- 2017» атты мектеп бітіру кеші

12 маусым күні мектепте «Жұлдызды шақ- 2017» атты    мектеп    бітіру    кеші өткізілді. Мерекеге Жарма ауданының білім бөлімінің басшысы Шаймұратов Қ.Р., ардагер ұстаз Нурсапинова М.Н., мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Абикенова А.К. қатысты.  Құттықтау сөз және түлектерді марапаттау рәсімі мектеп директоры Даутова Алия Жасулановнаға  берілді. Салтанатты түрде  54 мектеп түлегіне (7 оқушы -«Алтын белгі иегері», 4 оқушы -«Үздік аттестат иегері»)Аттестаттар беріліп, автожүргізушінің ВС 1 категоргиясының куәліктері табыс етілді. Сонымен қатар 10 сынып оқұшыларынан құралған шығармашылық тобы жас түлектерге номинация бойынша жұлдызшалар сыйлық ретінде беріп,  түлектер арасында кештің ханшайымы мен ханзадасы сайысын өткізді.  Шаймұратов Қ.Р. түлектерді, ата-аналарды құттықтап,  мектептің Алтын кітабына  енгізілген түлектердің тізімдерін оқыды. Мереке қонақтары Жарма ауданымыздың «Сұлуым» эстрадалық қыздар тобы жас түлектерге, ата-аналарға, ұстаздарға музыкалық сәлемдемелерін сыйлыққа тартты. Кеште құттықтау сөз ата-аналарға, сынып жетекшілерге берілді. Мереке жас түлектердің қоштасу вальсімен аяқталды.