Мектепішілік «Күншуақ» жазғы демалыс лагері бойынша есеп

Оқу жылы аяқталғаннан кейін, мектебімізде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру ісі қолға алынды. 1 - 21 маусым аралығында «Георгиевка орта мектебі» КММ-де «Күншуақ» мектепішілік жазғы демалыс лагерінің І ауысым  өз жұмысын бастады. Лагерге 120 бала қабылданды. І ауысымда 4 топ, 7 үйірме жұмыс жасайды.

Жадыраған жаз айының алғашқы күні әлемдегі көптеген елдердің балалары үшін үлкен қуаныш, зор мереке. Бұл күн - балаларды қорғау күні. «Күншуақ» мектепішілік жазғы демалыс лагерінің  І ауысымы дүниежүзілік балаларды қорғау мерекесінен басталды. Бірінші күн ауданымыздың орталық саябағында ұйымдастырылған  «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылып, лагердің « Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған әндер шырқалып, би билеп, көңілді ойындар өткізілді. 4 сынып оқушылары арасында өткізілген «Көңілді старт» эстафеталық сайысында командалық ІІ орынды жеңіп алды. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Күнделікті сауықтыру лагерінің «Денсаулық - зор байлық», «Асыл қазына», «Көңілді мәре»  спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылады. Балалар әр эстафеталық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Қазақстанның рәміздерінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер ҚР ұлттық рәміздерімен танысып, сайыстарға  қатысты.

Тиісті жоспар бойынша демалушыларға арналған әртүрлі мәдени тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.  Атап кететін болсақ: «Би әлемі», «Поэзия сағаты», «Әнші балапан», «Лагерь аруы», ұлттық ойындар сайысы. Әрбір іс-шараларға балалар қызығушылықпен  қатысып, белсенділік танытады.