Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде аудан әкімдігінің үлкен залында бюджеттік жоспарлау, кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алуды іске асыру және коммуналдық меншікті басқару сұрақтары бойынша облыстың ақпараттық-түсіндіру тобымен жиын өткізілді.

Жиынға облыстық жұмыс тобы

Қаржы басқармасы басшысының орынбасары - Пахомова Галина Вениаминовна

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы - Муктаганова Лейла Вахидовна

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы - Мукашева Мадина Сакеновна

Мемлекеттік кірістер Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы - Турлыбекова Асем Кадыровна

Сонымен қатар, Жарма, Көкпекті және Аягөз аудандарының ақпараттық-түсіндіру топтары және халық саны 2000-нан асатын ауылдық округтердің өкілдері қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан халық саны 2000 асатын ауылдық округтерде 4 деңгейдегі бюджеттің еңгізілуі туралы түсіндірме жүргізілді.