Семей қаласында  Жарма ауданы өнер ұжымының концерті өтті

Семей қаласындағы  Абай атындағы драма театрында Жарма ауданы өнер ұжымының  концерті өтті. Ұжым «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясындағы облыстық көкемөнерпаздар байқауының 9 дүркін бас жүлдегері атағына ие. 

Семей қаласының тұрғындарына арналған концертке 700 ден астам көрермен жиналды.       «Айқаракөз» фольклорлық-этнографиялық халық ансамблі, «Кәусәр» халық ұлт аспаптар оркестрі, «Халықтық» атағының иегері «Сұлуым» эстрадалық қыздар тобы, «Дариға-дәурен тобы, Ғасырлар үні этно-тобы, қобызшылар ансамбі және «Орхидея» бишілер тобы өнер көрсетіп, көрермендерді рухани азықтандырып қайтты. Семейліктер ұжымға деген ықыластарын гүл шоқтарын табыстаумен білдіріп жатты. 

Жарма ауданы әкімінің баспасөз хатшысы А.Жулдыбаева