«Махаббат мәңгі ертегі» Әдеби талқылау

Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері  жерлесіміз Әзілхан  Нұршайықовтың  95 жылдығына орай  «Махаббат, қызық, мол жылдар!»  шығармасы  аясында өткізілген  «Махаббат мәңгі ертегі!» атты әдеби талдау Шар қалалық  кітапхананың ұйымдастыруымен қаламыздағы Б.Тұрсынов атындағы орта мектептің 8-9 сынып оқушыларымен өткізілді.

Іс- шара барысында слайд арқылы сұрақтар беріліп бейнесюжет  көрсетілу кезінде жазушының өміржолдарымен романның қысқаша мазмұны, мақсаты туралы айтылды. Әзілхан Нұршайықовтың махаббат туралы айтқан қанатты сөздеріне және осы тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап берген  оқушылар, атап айтсақ 9 сынып оқушылары Омарова Қымбат, Саханова  Іңкәр, 8 сынып оқушысы Баспакова Еркежан шағын сыйлықтармен, мадақтау қағаздарымен марапатталды.