ТҮКШ және құрылыс

Жарык ауылының құрылыс салу сызбанұсқасы *.jpg 390 KB
Үшбиік ауылының құрылыс салу сызбанұсқасы *.jpg 508 KB
Шалабай ауылының құрылыс салу сызбанұсқасы *.jpg 343 KB

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың наурыз айында «ШҚО, Жарма ауданы Қалбатау ауылында канализациялық тазарту станциясын реконструкциялау» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Келісім-шарт бойынша нысанды қайта жарақтау жұмыстарының жалпы құны 337,242 млн. тенгені құрайды. Мердігер «Жарма Құрылыс – Газ» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы «УКТехЭкспертиза» ЖШС-гі. Авторлық қадағалаушы «Градопроект» ЖШС-гі. Келісім-шарт бойынша жұмыстардың аяқталу уақыты 2018 жылғы 30 қыркүйек.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында сыртқы кәріз жүйесінің құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтуде. Жобалаушы "Грид ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-гі. Жобанын мөлшерлі құны 393,0 млн. тенге. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландыру мақсатында сәйкесінше салалық басқармаға инвестициялық ұсыныс әзірленіп тапсырылады.
2018 жылғы 16 наурызда «ШҚО Жарма ауданы Қапай Батыр ауылында биотермиялық шұңқыр құрылысы» нысаны бойынша келісім-шарт жасалды. Келісім-шарт бойынша нысан құрылысының жалпы құны 30,618 млн. тенгені құрайды. Бас мердігер Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің түзеу мекемелерінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек-Өскемен" № 110 филиалы. Келісім-шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстардың аяқталу уақыты 2018 жылғы 16 маусым.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «ШҚО Жарма ауданы Жарық ауылында су құбырының құрылысы» нысаны бойынша конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу құны 258,277 млн. тенге ҚҚС-сыз.
2017жылғы желтоқсан айында өткен  облыстық маслихат сессиясының отырысында облыстық бюджеттен Сұлусары ауылында су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 10,9 млн. тенге және Кіші Қарасу ауылында су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 11,6 млн. тенге қаражат бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеудің тапсырыс берушісі Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Сұлусары ауылында су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуші «Градопроект» ЖШС-гі. Кіші Қарасу ауылында су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуші «Семипалатинскграджанпроект» ӨК жобалық институты. Қазіргі таңда жобалар әзірленуде.

2018 жылға облыстық бюджеттен ШҚО Жарма ауданы Шар қаласына тазарту құрылғылары және канализациялық жүйесінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге 10,0 млн. тенге және ШҚО Жарма ауданы Қапай Батыр ауылында су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 8,0 млн. тенге қаражат бөлінді. ШҚО Жарма ауданы Шар қаласына тазарту құрылғылары және канализациялық жүйесінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу бойынша қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде. ШҚО Жарма ауданы Қапай Батыр ауылында су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 2018 жылғы 28 наурызда келісім-шарт жасалды. Келісім-шарт бойынша Қапай Батыр ауылында су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттмалар әзірлеудің жалпы құны 5,6 млн. тенге. Жобалаушы «ВОСТОКВОДПРОЕКТ» ЖШС-гі. Келісім-шарт бойынша жұмыстардың аяқталу уақыты 218 жылғы 19 маусым.

«Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-сі барлығы 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
  2. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
  3. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;
  4. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттарды үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;
  5. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  6. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

2017 жылдың I тоқсанынында бөліммен барлығы 652  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 9;
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 637;
Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 6;
Барлық мемлекеттік қызметтер белгіленген уақытында көрсетіліп, қызмет алушылардан ешқандай арыздар түскен жоқ.
2018 жылдың I тоқсанынында «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не барлығы 1 заңды және жеке тұлғалардың өтініштері түсті (1 – заңды тұлға, 0 – жеке тұлға).

 

Мұрағат

2017 жылғы
2016 жылғы
2015 жылғы
2014 жылдың I жартыжылдығының
2013 жылғы
2013 жылғы 1 шілде

 

Парақтар өзгертілді: 16-04-2018