ТҮКШ және құрылыс

Тұрғын үй коммуналды шаруашылық
Құрылыс

Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру шеңберінде инженерлік нфроқұрылымның жағдайы және одан әрі дамыту туралы.

Бүгінгі күнге Жарма ауданы бойынша коммуналдық инфроқұрылым сакторындағы тозу деңгейі 70 % құрайды,
Жылу құбыры 16,1 шақырым, жөндеу қажет етілетін бөлігі 11,624 шақырым немесе 43,5 % құрайды. 2014 жылы Әуезов кентіндегі 443 метр  жылу құбыры жаңартылды. «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС арқылы 886 м жылу жүйесіне, 60 м су құбыры жүйесіне және №21,22,23,24,42,50,34 көпқабатты тұрғын үйлердің су құбырларына, жертөлелеріндегі жылу жүйелеріне, кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы атлған салаға 3,5 млн.теңге қарастырылып отыр.
Ауданда 217,632 шақырым су құбыры бар, оның 141,5 шақырымы немесе 65 % тозған.
Жарма ауданында 54 елді мекен болса оның, 13 елді мекен орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған немесе 74,4 % құрайды. 2014 жылы аудандағы коммуналдық мекемелердің күшімен Қалбатау, Белтерек, Қаражал ауылдарының, Жаңғызтөбе кентінінің, Шар қаласының көшелеріне 31,1 млн.теңгеге 14 шақырым  су құбыры тартылды. Қызылағаш, Қоңырбиік, Малай ауылдарының су ұңғымасына және су таратқыш бағандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы 11 млн.теңге қаражат бөлініп, жұмыстар аяқталды.
Аудандағы су жүйесінің жұмысын одан әрі жақсарту мақсатында              2015 жылы жалпы 32,0 млн. теңге қарастырылуда. Сондай-ақ Шар қаласындағы Қабанбай көшесінің 3,5 шақырым болатын суқұбырына жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Шар-Кезенсу суқұбырын ағымды жөндеу жұмыстарына 296,4 мың теңге. Салқынтөбе ауылының суқұбырын жөндеуге 4,0 млн. теңге қарастырылуда. Қалбатау, Жаңғызтөбе ауылдарының су мұнараларын ауыстыруға және Жаңғызтөбе кентінің суқұбырын жөндеуге 12,0 млн. теңге бөлініп отыр. 2014 жылы Шуақ аулынағы су құбырына және жылу жүйесіне «Енбек-Өскемен» РМК-ның №110 филиалы 3116,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізді. 2015 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3000,0 мың теңге жұмсау жоспарлануда.
«Ақ бұлақ» республикалық бағдарлама аясында жалпы құны 345,5 млн. теңге болатын Жаңаөзен ауылына, 298 млн. теңге болатын Суықбұлақ кентіне жоба сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға тапсырылды. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін көтеру мақсатында  Жарық, Қаратөбе, Аршалы ауылдарына су тартуға жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоғарыда аталған елді-мекендер орталықтандырылған су жүйесімен толығымен қамтамасыз етіліп, бағдарлама толық іске асқан жағдайда жалпы халықтың 85 % қамтылатын болады. Өткен жылы 10 елді-мекеннің жер асты суқорын анықтау жұмыстары жүргізілді. «Ақбұзау-Шар» суқұбырына күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаты әзірленуде, мердігер «Ақжар жоба» ЖШС. Аудан бойынша тасымалданбалы су жүйесі қолданылмайды.
Ауданда 2 елді-мекен кәріз жүйесімен қамтылған (Шуақ, Әуезов). Кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы 16200 шақырымды құрайды, шамамен оның 50 % тозығы жеткен.
Ауданның автокөлік жолдарын қалыпта ұстау үшін аудандық бюджеттен және  мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы бөлініп тиісті жұмыстар іске асырылды. Жарма ауданы бойынша аудандық бюджеттен Қалбатау ауылының Абай көшесіне 145 млн. теңгеге бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалбатау ауылы ішіндегі көшелерге аудандық бюджеттен ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге барлығы 30 млн. теңгеге, Шар қаласының Тұрғамбаев және Жамбыл көшелеріне 10 млн. теңгеге ағымды жөндеу жұмыстар толығымен аяқталды.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында 2014 жылы Шар қаласының Тәуелсіздік көшесіне 31332,0 мың теңге республикалық бюджеттен, қалған 3482,0 мың теңге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын қалыпта ұстау үшін аудандық бюджеттен 30 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда  жұмыстар толығымен аяқталды. 2014-2015 жылдардағы қыс мезгілінде аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын қалыпта ұстау үшін аудандық бюджеттен 60 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Амангелді және Қорықшар ауылдарына баратын жолдағы көпірге 9,8 млн. теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілді.  Жарма кентінің көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 млн. теңге бөлінді. Жайма-Суықбұлақ және Терістаңбалы ауылдарына баратын жолдарға ағымды жөндеу жұмыстарына 6 млн. теңге бөлініп жұмыстар толығымен аяқталды.
Аталған жұмыстарға қажетті құрылыс материалдары толықтай аудан қамтамасыз етеді.
2015 жылы жолдарды қалыпта ұстауға 28,5 млн. теңге, Ақжал-Бөке бағытындағы көпірге ағымды жөндеуге 1,5 млн.теңге, Қалбатау ауылының Бабатайұлы көшесіне орта жөндеу жұмыстарына 59 326,8 мың теңге, жолдарды қалыпта ұстауға 40,0 млн.теңге, Қалбатау ауылының көшелерін ағымды жөндеу жүргізуге 4,8 мың теңге, Жаңғызтөбе кентінің жолдарын ағымды жөндеуге 4,7 млн. теңге бөлінді.
Аудан тұрғындары 100 % электр қуатымен қамтылған. Жыл сайын 80-90 шақырым электр желілері жаңартылып отырады.

Бөлім басшысы  Б. Самежанов

Жарма ауданында бір айлық сенбілік ұйымдастыру туралы.

Жарма ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 274 ауданның елді мекендерінде 25 қазаннан 25 қараша аралығында 1 айлық сенбілік ұйымдастыру туралы қаулысына сәйкес сенбілік ұйымдастырылуда. Өскемен қаласындағы танымбақтан (питомник) және «ТауДала» филиалынан аудан орталығы Қалбатау ауылының орталық саябағына және Достық көшесінің бойына 600 түп көшет отырғызылды. Сондай-ақ Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 3401 мың теңгеге ескі үй қирандыларымен тұрмыстан қалған қалдықтарды тазалауға бөлінді. Атап айтқанда Жарма, Жарық, Қызылағаш, Бірлікшіл, Делбегетей, Қарасу, Терістаңбалы ауылдық округтерінде санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016