Денсаулық сақтау

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 СҰРАҚЖӘНЕ ЖАУАП *.doc 315 KB
Аудандық орталық аурухана паспорты
Ауданның фельдшерлік-амбулаториялық пункттер
Демографиялық көрсеткіштер
Тұрғындардың аурушаңдығы
Салауатты өмiр салты облыстық орталығының құрылымдық бөлiмшесі
   
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі туралы
Емделушілерді қолдау қызметі *.doc 29 Kb
Обязательное социальное медицинское страхование.(ОСМС) *.ppt 243 KB
Жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру *.doc 46 Kb

Жарма ауданының денсаулық сақтау саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Жарма ауданы медициналық мекемеде: Қалбатау ауылында орналасқан Орталық аудандық аурухана емханасымен, Шар қаласында – қалалық аурухана емханасымен, ауданның ауылдық округтары бойынша амбулаториялар саны -11, фельдшерлік-акушерлік пункттер – 3, медпункттер - 27 және Қалбатау ауылында орналасқан 1 жеке меншік дәрігерлік амбулатория «Азат».

Жарма ауданының халық саны - 40219 адам, оның ішінде ересек тұрғындар – 28 484, жасөспірімдер - 1200, 14 жасқа дейінгі балалар -10 535, тұрғындардан ФЖӘ-дер (фертильді) – 8628 әйел  адам.
Ауданда 80 дәрігер, 302 орта медқызметкерлер жұмыс атқаруда. Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етілуі 10 мың адамға шаққанда 18,3 пайыздағы мөлшерде. Категориялы дәрігерлер – 44,4 пайыз,орта медқызметкерлер – 50,0 пайыз. 25 дәрігер және 53 орта санаттағы медқызметкерлер біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

2016 жылы 1 дәрігер фтизиатр мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

2016 жылы 6 жас маман дәрігер (жалпы тәжірибелік дәрігер-5, қоғамдық денсаулық сақтау-1) келіп жұмыс­қа орналасты.
Аудандағы ден­саулық сақтау ұйым­дарында жұмыс істеп жүрген 2 дәрі­гер мен 1 орта буынды медицина қыз­меткеріне республикалық трансферттен бюджеттік несиеге 8 843,0 мың.теңге бөлінді.
Кыркүйек айында 2 дәрігер,( олардың   2-уі де жалпы тәжірибе дәрігері, ). 1 орта буынды медицина қыз­меткері( акушер) тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта дәрігерлік кадр жетіспеушілігі жоқ.

«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданға денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа келген 6 маман көтерме жәрдемақы алуға құжаттарын тапсырды. Көтерме ақы Республикалық бюджеттен қаражаттың түсуіне байланысты беріледі.
Қазақстан Республикасы денсаулық саласының дамуы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ауданның денсаулық сақтау жүйесінде негізгі көрсеткіштер мен индикатор дамуын жақсартып, орнықтыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылы Жаңғыз-төбе ауылы дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыспен қамту жол картасы бойынша ағымды жөндеу жұмыстары жасалынды: ФАП ст.Жарма,  МП с. Аршалы, жөндеу бойынша мердігер ЖШС «Промэлектросвязь» МП с.Кентарлау, МП с.Былкылдак , мердігер ЖШС «Жарма құрылыс».
2016 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облыстык «Парыз» қайырымдылық қоры бойынша Жарма орталық ауруханасына медициналық құрал -жабдықтар берілді.

 

МҰРАҒАТ

Жарма ауданының 2015 жылдың денсаулық сақтау саласы бойынша Ақпараты
Жарма ауданының 2015 жылдың денсаулық сақтау саласы бойынша АҚПАРАТЫ
Жарма ауданының 2014жылдың 3 тоқсанына арналған денсаулық сақтау саласының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат
Жарма ауданының 2014 жылдың І - жартыжылдығына арналған денсаулық сақтау саласының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат
Жарма ауданының 2014 жылдың І тоқсанына арналған денсаулық сақтау саласының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат
Жарма ауданының 2013 жылға арналған денсаулық сақтау саласының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат
Жарма ауданының 2013 жылдың 6 айына арналған денсаулық сақтау саласының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат
Парақтар өзгертілді: 04-07-2017