Мәслихат аппараты


Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы

2012 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша аудандық мәслихат «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын негізге ала отырып, ауданда ел игілігі үшін атқарылып жатқан «Балапан», «Жұмыспен қамту 2020» тағы басқа бағдарламалардың орындалуындағы мемлекеттік қаржының игерілуін, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылай отырып, өткен кезеңде аудандық мәслихаттың  5 сессиясын өткізді.
Сессияларда қаралған мәселелер бойынша қабылданған шешімдер мен қаулылар мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, орындалуы депутаттардың қадағалауына алынды. Әр депутат өз сайлаушыларымен үнемі кездесіп Жарма аудандық «Нұр Отан» ХДП  филиалының депутаттар фракциясының бекітілген кестесімен тұрғындар арасында қабылдау өткізді. Қабылдау кезінде түскен өтініштер бойынша тиісті органдарға сауалдар жолданып, шара қолданылды.
Бүгінгі күнде елді мекендерде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыстар мен жолдардың, мәдени ошақтардың  жөндеу жұмыстарының уақтылы және сапалы орындалып, бөлінген қаржының дұрыс пайдаланылуы үнемі мәслихат депутаттарының назарында.

 

Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылдың бірінші жарты жылында атқарған жұмысы туралы  

Аудандық мәслихат өз жұмысын «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, «Қазақстан 2030» стратегиясы мен Елбасының жылдағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында құрылған аудандық бағдарламалардың орындалып, іске асуындағы маңызды мәселелерді шешуге байланысты атқарады.

Осы бағдарламалар негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда даму бағдарламасының орындалуында халықтың әл-аухатын жақсартуға, әлеуметтік салаға, мәдениет пен спорттың дамуына, бөлінетін бюджеттік қаржының толық нақты және нысанды пайдалануын қадағалап шешім қабылдайды. Ү-шақырылымда халық қалауымен сайланып, нәтижелі жұмыс атқарып жүрген 14 депутат бар. Олардың 13 жоғарғы, біреуі орта білімді. Бүгінгі күн талабына сай халықтың әр саладағы әлеуметтік жағдайын, басқа да мәселелерін шешуде жоғары білімді тәжірбиелі мамандық иелерінен сайланған депутаттардың атқарар ісі мол.  2012 жылдың бірінші жарты жылдығында аудандық мәслихат бір ұйымдастыру, бір кезектен тыс екі кезекті сессия өткізіп, әртүрлі мәселелер бойынша 42 шешім қабылдады. Сессияларда қабылданған 4 шешімдер мемлекеттік тізімнен өтті.
Сондай ақ тұрақты комиссия отырыстарында әлеуметтік салада өзекті орын алатын 2 мәселе қаралып, қаралған сұрақтар бойынша қаулылар қабылданып, комиссия бақылауына алынды. Депутаттардың жұмысы сессия мен тұрақты комиссия отырыстарымен шектелмей, бекітілген кесте негізінде тұрғындар  арасында қабылдаулар мен кездесулер өткізілуде. 2012 жылдың шілде айына дейін Аудандық «Нұр Отан» ХДП-сы депутаттық Фракциясы мүшелері 49, «Ақ жол» ҚДП нан сайланған депутаттар 13 қабылдау өткізіп, әрбір халық қалаулысы өздері сайланған сайлау учаскесінің тұрғындарымен  30 кездесу өткізді. Халықпен өткен қабылдаулар мен кездесулерде тұрғындар арасында әлеуметтік тұрғыда туындаған көптеген мәселелердің түйінді шешімін тауып көмек көрсетті.

Депутаттар аудан көлемінде халық игілігі үшін әр салада атқарылып жатқан әлеуметтік тұрғыдағы бағдарламалар мен екпінді жобалардың орындалуындағы істердің басы қасында болып, шешілмеген мәселелердің дұрыс шешімін табуға ықпал ету арқылы да көптеген жұмыстарды іске асырып жатады. Сондай жұмыстардың бірі бүгінгі күнде аудан көлемінде жүргізіліп жатқан жолдар мен мәдени ошақтар, спорт кешендері мен мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын бақылауға арнайы құрылған «Нұр Отан» ХДП депутаттар Фракциясының бақылау постарының жұмысы. Бұл жұмыстар да депутаттар назарынан тыс қалған емес.
Халық қалауларының жергілікті атқарушы органдармен байланыса отырып жасаған ұсыныстары мен талқылаулары арқылы елді мекендерді абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары бүкіл ауданның елді мекендерінде іске асырылуда.   Мәслихат депутаттары Елбасының салиқалы саясатын қолдай отырып, халық үшін қызмет атқаруда.

 

2011 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Осы жылы 6 сессия өткізілді, оның үшеуі кезектен тыс. Сессияларда 46 мәселе қаралды. Бұл мәселелер: «Жарма ауданының 2008-2012 жылдарға арналған ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану Бағдарламасының орындалу барысы туралы», «Жарма ауданының тілдерді қолдау мен дамыту Бағдарламасының орындалу барысы туралы», «Жарма ауданында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған Бағдарламасының орындалу барысы туралы» және т.б.
«Нормативтік-құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сессияның шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, мемлекеттік нормативтік - құқықтық актілер реестріне мемлекеттік нөмірі беріліп енгізіледі. 2011 жылы нормативтік құқықтық актілер тіркелді. Сессияның шешімдері аудан әкіміне, аумақтық бірліктер әкімдеріне және орындаушыларға уақытында таратылады. Тиісті шешімдер бақылауға алынады. Қазақстан Республикасының әрекеттегі Заңдарына сәйкес, 2011 жылғы 6 қазанда аудандық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясының шешімімен округтік, учаскелік сайлау комиссияларының және Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары бойынша «Аумақтық, округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» 2009 жылғы 22 наурыздағы № шешіміне өзгерістер енгізілген.
Қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелген. Тұрақты комиссияларының жұмысы барлық салалар бағытында жүргізіледі. 2011 жылы 3 отырыс өткізіліп, 51 мәселелер қаралды. Аудандық мәслихатта мәслихат хатшысымен қабылдау жұмысы жүзеге асырылады. Жеке қабылдауларда аудандық мәслихат хатшысымен 18 сайлаушылар қабылданды. Сайлаушылардың көпшілік жүгінулері әлеуметтік мәселелерді шешу. Негізінде олар уақытында қарастырылып шешілді.
Өзінің күнделікті жұмысында аудандық мәслихат аппараты орындаушы органдарымен іскерлік қатынасын жалғастыруда.
Мәслихат аппараты мәслихаттың қызметін ұйымдастыру, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдем жасайды, оның қызметшілері тұрақты комиссияларға бекітілген. Тұрақты комиссиялардың отырыстарына мәселелерді дайындауға, сессияға және комиссиялардың отырыстарына шақырылғандардың қатысуын, оларға қажетті құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді, депутаттардың сайлау округіндегі жұмысына, аудандық мәслихатта азаматтарды қабылдауына көмек жасайды. Аппарат қызметкерлері қабылданған шешімдердің және қаулылардың, депутаттық сауалдардың және мемлекеттік органдардың жетекшілерінің атына жүгінулердің орындалуына бақылау жасайды.

 

2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Конституциясында жергілікті мемлекттік басқаруды, тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады делінген. Сондықтанда ауданның экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірінің дамуында аудандық мәслихатқа жүктелген жауапкершілік өте зор.
Аудандық мәслихат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңы, аудандық мәслихаттың Регламенті негізінде жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2007 жылғы 18 тамызда өткен мәслихаттар сайлауында Жарма аудандық мәслихатына 14 депутат сайланғаны белгілі. Оның ішінде 5 депутат білім беру, 1-і денсаулық сақтау, 3-і әртүрлі өндіріс саласында басшылық қызметте істейді, 3-і шаруа қожалығын және серіктестікті басқарады. Басты құзырет болып табылатын мәселелер - аудандық дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, жергілікті бюджетті бекітіп, олардың орындалуын қадағалап, тиісті шешімдер қабылдадық.
2009 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін мәслихаттың 13 сессиясы өткізілді, оның 5 кезекті, 8 кезектен тыс. Сессияларда барлығы 67 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Ауданның жылдық бюджеті, оның өзгертулер мен толықтыруларын бекіту, басқа да өзекті мәселелер қаралып, 1 бағдарлама 3 ереже бекітіліп, екі бағдарлама қолдану мерзімі аяқталуына байланысты бақылаудан алынды. Қабылданған шешімдер мен бағдарламалар бақылауға алынды. Депутат жұмысының ең маңыздысы – ел мүддесіне қатысты мәселелерді дер кезінде көріп, көтере білу. Бұл істе әрине тұрақты комиссиялардың атқарар жұмыстарының маңызы зор.
1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік- құқықтық актілері туралы» ҚР Заңына сәйкес, сессияның шешімдері қажеттілігіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер реестіріне енгізіледі. 2009 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін 14 нормативтік- құқықтық акті тіркелді.
Тұрақты комиссиялардың жұмысы барлық салалар бағытында жүргізіледі. Есепті кезеңде 8 отырыс өтті. Бұл отырыстарға аудандық мәслихат депутаттары, Шар қаласы тұрғындарының өкілдері, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жергілікті баспасөз өкілдері қатысып, көптеген мәселелердің басы ашылып, шешу жолдары анықталды.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы өз жұмысын сессияда бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүргізеді.
Депутаттар Б.Төлеутаев, Г.Бөрібаева, Қ.Нұртазин, Б.Жақпеков, К.Сқақов, І.Атабаев мәслихаттың мәжілістерінде, тұрақты комиссия отырыстарында орынды пікірлер айтып, оңды шешімдердің қабылдануына тиісті үлес қосып келеді.
Жергілікті атқарушы орган – аудан әкімдігімен, басқа да атқарушы органдармен бірлесе бітірген істеріміз де баршылық. Ол жоғарыда аталған - «Ауыз су» мәселелері, ауыл шаруашылығын дамыту, білім саласына байланысты бағдарламалар мен олардың орындалуы. Аумақтардың даму стратегиясы, оның ішінде елді мекендерді көгалдандыру, олардың санитарлық тазалығы, ішкі жолдар жағдайы, жарықтандырылуы – бәрі де депутаттардың күнделікті ісіне айналды.
Аудандық мәслихат депутаттары сайлаушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын және ҚР Үкіметінің «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлгенін атап өткен жөн.
Депутаттар, мәслихат аппараты «Жол картасы» бағдарламасының орындалуын қадағалау мақсатында ауылдық округ әкімдерімен бірлесе жұмыс жүргізіп, объектілерге бақылау жасап, оның қорытындысы бойынша аудандық мәслихатқа әр он күн сайын тұрақты түрде ақпарат беріп отыр. «Жол картасы» бойынша істеліп жатқан жұмыстардың кемшілігін анықтап, депутаттар өз пікірлері мен ұсыныстарын ашық және айқын айтып жүр. Олардың қатарында О. Әділбаев, Р.Нұрғалиев, Т.Құмаров, т.б. бар.

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016