Мәслихат аппараты

Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 37/303-V «Жарма ауданының Қоғамдық кеңесініңқұрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурызындағы № 38/312-V шешімі *.doc 24 KB

2016 жылдын  5 мамырда Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы өтті

Сессия жұмысына 10 депутат және  аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев, аппарат басшысы А.Өзбеков, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Сейтқазина,  Жарма ауданының Қоғамдық кеңесі мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде:
1.  Жарма  аудандық   мәслихатының   2015  жылғы  23  желтоқсандағы  № 35/283-V «2016-2018 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Әртүрлі мәселелер:
1) Жарма аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
2) Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/20-V «1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдардың еңбек өтілін анықтау жөніндегі аудандық арнаулы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Жарма аудандық мәслихатының төртінші сессиясының төрағасы  туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

2016 жылдын 11 сәуірде Жарма аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс екінші сессиясы өтті

Сайланған 14 депутаттын сессия жұмысына 13-і қатысты. Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Брынзов, бөлім басшылары,  Жарма ауданының Қоғамдық кеңесі мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде:

1. Жарма  аудандық  мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 35/283-V «2016-2018 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Әртүрлі мәселелер:
1) Жарма аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/292-V «Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 20/177-V «Аудандық, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Жарма ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы;
4) Ауданның кәсіпкерлік қызметін реттеу мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы;
5) Жарма ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы;
6) Жарма аудандық мәслихатының үшінші сессиясының төрағасы туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Аппарат маслихата

Аппарат маслихата

 

2016 жылдын 29 наурызда Жарма аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының  бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті

Жарма аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясы Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен шақырылды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Оразғалиев сессияны ашты. ШҚО Жарма аудандық мәслихатына сайлау қорытындысына сәйкес 14 депутат сайланды. Бірінші ұйымдастыру сессиясында сайланған депутаттарға аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы депуттаттық мандат пен төсбелгілерін берді.
Сессия жұмысына аудан әкімі Н.Б.Сыдыков, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қоғамдық кенестері мен құқыққорғау күштері,  Жарма ауданының Қоғамдық кеңесі мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия күн тәртібінде:
1. Жарма аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясының төрағасы туралы;
2. Жарма аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы;
3. Жарма аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының тұрақты комиссияларын құру туралы;
4. Жарма аудандық мәслихатының «Экономикалық реформалары, бюджет және қаржы, кәсіпкерлік қызметті дамыту, аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы;
5. Жарма аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар мәселесі, азаматтардың құқықтарын қорғау, ұлтаралық қатынастар жөніндегі» тұрақты
комиссиясының құрамын бекіту туралы;
6. Жарма аудандық мәслихатының екінші сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Жарма аудандық мәслихатының хатшысы болып № 7 Сұлусары сайлау округінің депутаты Айгүл Жансапқызы Сахметжанова сайланды.

Күн тәртібінде бекітілген мәселелер депутаттардың қолдауымен толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Мәслихат аппараты

Мәслихат аппараты

Мәслихат аппараты

 


Мұрағат

Жарма аудандық мәслихатының атқарған жұмысы туралы. 2016 жыл
Жарма аудандық мәслихатының атқарған жұмысы туралы. 2015 жыл
Жарма аудандық мәслихатының атқарған жұмысы туралы. 2014 жыл
Жарма аудандық мәслихатының атқарған жұмысы туралы. 2013 жыл
Жарма аудандық мәслихатының атқарған жұмысы туралы. 2012 жыл

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016