Мәслихат аппараты

Мәслихат хатшысы

Мекеменің мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі 105 үй

Ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Аудандық мәслихат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңы, аудандық мәслихаттың Регламенті негізінде жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2007 жылғы 18 тамызда өткен мәслихаттар сайлауында Жарма аудандық мәслихатына 14 депутат сайланды.
Әр сессияға дайындық және өткізуді ұйымдастыру шаралары аудандық мәслихаттың Регламенті негізінде жүзеге асырылады.
Мәслихат қызметінің негізгі нысаны - сессия. Сессияда қаралатын мәселелердің жоспарлануы, даярлануы, тұрақты комиссия отырыстарын қамтамасыз ету – мәслихат аппараты мен мәслихат хатшысының жауапкершілігінде. Аппаратта бес мемлекеттік қызметші, оның ішінде бөлім бастығы, 3 бас маман, 1 жетекші маман бар. Мамандар Шығыс Қазақстан өңірлік орталығында кезекпен арнайы дайындықтан өтеді.
1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік-құқықтық актілері туралы» ҚР Заңына сәйкес, сессияның шешімдері қажеттілігіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер реестріне енгізіледі.

Сахметжанова Айгуль Жансаповна  Басшысы - Сахметжанова Айгуль Жансаповна

Сахметжанова Айгуль Жансаповна 1961 жылы 6 ақпанда  Семей облысы,  Жарма ауданы,  Георгиевка ауылында туған.
Осы ауылдағы Георгиевка орта мектебін бітірген соң,  Өскемен қаласынын жол-құрылыс институтына түсіп, 1985 жылы ойдағыдай аяқтады. Мамандығы бойынша қала құрылысының инженері.
Еңбек жолын 1987-1989 жылдары Жарма ауданының ауылшаруашылық техникасы ұжымында экономист болып бастады. 1987 - 1989  жылдары - аудандық «Білім» қоғамының жауапты  хатшысы.
1989 – 1991 жылдары «Расцвет» ұжымшарында экономика оқуы бойынша әдіскер болып жұмыс істеді.
1991 – 1993 жылдары «Михайловка» кеңшарында экономика оқуы бойынша әдіскер қызметін атқарды.
1993 -1995 жылдары  Жамбыл облысы,  Жуалы ауданының  жинақ банкісінің оператор-бақылаушысы.
1995 жылдың ақпаны мен 1998 жылдың ақпаны аралығында Жуалы ауданы,  «Билікөл» кеңшарында диспетчер қызметінде істеді.  
1998 – 2008 жылдары шағын кәсіпкерлік саласында енбек етті. 2008-2009 жылдары  «Жарма ауданы білім бөлімі» ММ-сінде  есепші, экономист қызметін атқарды. 
2009 жылдан осы уақытқа дейін  «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық  филиалы  төрағасының бірінші орынбасары.
«Нұр Отан» партиясының  мұшесі.
Отбасылы, екі баласы бар.

Мекен жайы: Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
Қабылдау уақыты: әр аптаның сейсенбі күндері сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін
Телефон: 8 (72347) 67335
Факс: 8 (72347) 65637
Е-mail: Zhar-maslihat@mail.ru 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016