Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету презентациясы! *.zip 5.6 MB

Мүлікті жария етуді өткізу жөнінде ақпарат

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы №213  Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жарма ауданының аумағындағы мүлікті жария етуді өткізу жөнінде Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қыркүйектегі Қаулысымен комиссия құрылды.

Мүлікті жария ету субъектілері - мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіпте жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

Жария ету өткізуге мынадай мүлік жатады:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
4) басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүліктер;
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан,жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Жарма ауданы аумағында тұратын жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін, заңға сәйкес құқығы рәсімделмеген, жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін, өтінішті аудандық мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға ұсынылады. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу үшін, арызды салық органдарына ұсынылады. Жария етуді өткізу ақшасы екінші деңгейлі банктерде өткізіледі.

Мүлікке жария етуді өткізуді рәсімдеуге, жария ету субъектілерге байланысты барлық шығындарды өз бетінше жүзеге асырады.

Аудан аумағында тұратын, заңнамаға сәйкес құқығы рәсімделмеген, жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін,жария ету субъектілері комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
- Заңда белгіленген , мүлікті жария етуді өткізуге өтініш (бұдан әрi - өтiнiш) форма бойынша екі данада;
- өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;   
- жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады;
- ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысы;

Құжаттардың толық емес болған жағдайда, ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған жағдайда,заңнамада қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, арыз қайтарылуға жатады. Ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде тұлға қайтадан коммисияға арыз беруге құқылы.

Мүлiктi жария етуге өтінішті комиссия өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.Комиссияның құжаттарды қарастыру бойынша шешімі;
1)   жария етуді өткізу жөнінде;
2)   жария етуден бас тарту туралы.

Нысананың әрқайсысы бойынша жеке, мүлікке жария етуді өткізу жөнінде комиссия отырысының хаттамасы рәсімделуі немесе жария етуді өткізу жөніндегі бас тартуы туралы коммисия шешімі және барлық коммисия мүшелері қол қояды.
Нысананы жария етуді өткізу жөнінде – жеке тұрғын үй құрлысы (шаруашылық тұрмыстық құрылымдар да бірге), өндірістік немесе басқа да тағайындалған, қалақұрылысы регламенттіне сәйкес белгіленген жолмен негізделген жағдайы бойынша құрлыс жүйесіндегі орналастыру бөлігіне (жайғастыру)  өртке қарсы және санитарлы-эпидемиялық талаптар бойынша қабылданады.

Мүлікке жария етуді өткізу жөнінде комиссияға құжатты қабылдау Қалбатау ауылы, Достық  көшесі 105 (аудандық әкімшілік ғимараты), 8(723 47) 65-368, 65-366, 65-278 телефондары арқылы консультациялар беріледі.

Мұрағат

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016

Тақырып бойынша хабарламалар

04.05.2016
2014 жылдың 30 шілде айында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті...
21.04.2016
Өткен жылдың 13 қарашасы күні Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды.
12.04.2016
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына «Қазақстан Республикасы азаматтарының...
31.03.2016
Ұлттық Банктің Шығыс Қазақстан филиалы 2016 жылғы 30 наурызда Өскемен және Семей қалаларында Қазақстан Республикасында мүлікті жария ету бойынша жалғастырылып жатқан акция мәселесі жөнінде банктердің филиалдарының өкілдерімен жұмыс кеңестерін өткізді.