Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2020 Екінші бағыт «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуда жәрдем» (63 Kb)

 

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі  2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Бағдарламаның мақсаты Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру
Бағдарламаның міндеттері Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту;
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;
Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі және кезеңдері 1 кезең – 2011 (пилоттық)
2 кезең – 2012 – 2015 жылдар
3 кезең – 2016 – 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру барысында 2016 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады:
Бағдарламамен 1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады;
кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді;
жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады;
жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі 33,3 %-дан 26 %-ға төмендейді;
Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру есебінен еңбек өнімділігінің қосымша өсімі 20 % құрайтын болады
Қаржыландыру көздері мен көлемі 2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға жұмсалатын республикалық бюджет шығыны 40,2 млрд. теңгені құрайтын болады.
Келесі жылдары мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. Бұл ретте 2012 – 2015 жылдары қаржыландыру көлемі жыл сайын кемінде 100 млрд. теңгені құрайтын болады


Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы 236 Kb
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу ережесі 103 Kb
  Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу ережесі 88 Kb
  Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру ережесі 117 Kb

 “Жарма ауданының жұмыспен қамту орталығы”
Жарма ауданы, Мұсылманқұлов көшесі,21 үй мекенжайы бойынша орналасқан,
телефон: 8(723 47) 65 398, e-mail: zharmacz@mail.ru

 Жұмыс тәртібі:Дүйсенбі-  жұма, сағат 9.00 – 18.00 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00 дейін.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016