Білім беру

Дарын орталығының 2015 жылғы жетістіктері

Ауданда балалардың дарындылығын дамыту мақсатында дарынды балалармен түрлі жұмыстар жүргізілуде.
Ұлттың интелектуалдық потенциалын қалыптастырудағы мемлекеттік саясат қабілетті және талантты балаларды қолдау болып табылады. Қоғамда инновациялық секіріс жасау балалардың танымдық қабілеттері мен ғылымға деген тұрақты қызығушылығының арқасында келеді. Біздің оқушыларымыздың әр түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеңіске жетуі аудандық білім беру жүйесінің облыстық, республикалық деңгейде танылуының көрінісі және оның сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Балалардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызуға жетелеуде аудандық  «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», әртүрлі интеллектуалдық сайыстар мен олимпиадалар, оқушылардың көркемдік шығармашылық конкурстары жыл сайын өткізіліп, облыстық, республикалық жүлдегерлерді анықтауда.
Облыстық «Дарын» орталығы ұйымдастыратын логикадан  интеллектуалды «Айналайын» конкурсына  25 мектептен  732 оқушы қатысып,  256-сы жүлдегер атанды, «Ақ бота» конкурсына  18 мектептен  247 оқушы қатысып,  қорытынды бойынша 89-ы жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, математика пәнінен «Малахит» конкурсына - 36 мектептен 734 оқушы қатысып, 135-і жүлделі орынды иеленді. Бұдан басқа «Кенгуру», «Бульдог», «Пони», «Золотое руно» халықаралық конкурстарға да қатысу пайызы жоғарылап, жүлдегерлер саны жыл сайын өсуде. Бұл конкурстар, сапалы ұйымдастырылған жағдайда, оқушылардың  ізденісіне, білім сапасының артуына ықпалы зор.
Біздің ауданның оқушылары әртүрлі ғылыми-зерттеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында  өткізілген облыстық конкурстарда Крупская атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Құмарғазы Гулдана «Терістаңбалы Жарылғап батыр» атты жобаны қорғап III орынды, 1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» конкурсына 8 бала жолдама алып, Уалиханов  орта мектебінің 7 сынып  оқушысы Шарипханов Қанат,  Маяковский атындағы негізгі мектебінің 2  сынып  оқушысы Какенова Аяжан жүлдегерлер атанды.  Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Асқақ рухты – қазақ хандығы» атты ҒПК Уалиханов атындағы орта мектеп оқушысы Құралбек Бірлесгүл 1 дәрежелі дипломмен марапатталса, Ақтайлақ би атындағы орта мектеп оқушысы Тоқанов Орынбек Республикалық «Атом энергиясы» байқауының 1 орын иегері, Крупская атындағы орта мектеп оқушысы Еренгаипова А. VII Республикалық экология байқауының жеңімпазы атанды. Өзін–өзі тану пәні бойынша Шульба кентіндегі  «Дарын жұлдыздары» оқу-сауықтыру лагерінде өткен облыстық олимпиадада №236 мектептің оқушылар командасы III орынды  иеленді.
2016 жылы ауданда ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпаздары Карелин атындағы орта мектебінің оқушылары (Н.Ержанова, Ж.Мараш, Н.Самаева, А.Сағидолла, А.Тлеуова, Ж.Токашева) және Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясының оқушылары (Б.Амин, Н.Молдашева) облыстық кезеңге қатысып, биология секциясынан И.Серік (Георгиевка орта мектебінің 11 сынып оқушысы) – 2 орынға, орыс әдебиеті секциясынан Мараш Жақсылық (Карелин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы) – 2 орынға, өлкетану секциясынан Самаева Нурай (Карелин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы) – 3 орынға ие болды.
2015 жылдың қаңтар айында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңіне  21 оқушы қатысып, оның 5-і жүлдегер атанды. Атырау қаласында гуманитарлық пәндер бойынша өткен Республикалық олимпиадада Георгиевка орта мектебінің оқушылары Дураченко Галина қазақ тілі пәнінен 1 орынды, Жарылғап Ержан тарих пәнінен 3 орынды иеленді. Қызылағаш орта мектебінің  химия пәнінен 10 сынып оқушысы  Тәуірбекова Алтынгүл III орынды,  Абай атындағы мектеп – гимназиясының  биология пәнінен 11 сынып оқушысы Жанұзақова Жанар – III орынды иеленді. Абай атындағы мектеп – гимназия орыс тілі  пәнінен 10 сынып оқушысы Букеева Жансая - III орынды иеленді.
Бастауыш сыныптар арасында өткен облыстық пән олимпиадасында 7 оқушы жүлделі орын иеленіп, командалық есепте 3-ші орынды жеңіп алды.  Өзін –өзі тану пәні бойынша Шульба кентіндегі  «Дарын жұлдыздары» оқу-сауықтыру лагерінде өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен №236 мектеп  7 сынып оқушылары Санақова Айнур, Толеухан Дильназ, Бекжанова Диляра, Маратова Айым (8 сынып) Советханқызы Халифа, Линзатова Нурсая (9 сынып  оқушысы)  III орынды  иеленді.
2016 жылы қаңтар айында өткен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары 11 жүлделі орын алса, оның 2-еуі 1-ші орын, 2-еуі ІІ орын, 7 оқушы 3-ші орынды иеленді.

Оқушының аты-жөні

пәні

сыныбы

Мектебі

Орын

1

Кайртай Дәуір

Тарих

11

Карелин  атындағы орта мектебі

1

2

Нуртуганов Нурмухан

Географ

10

Маяковский атындағы орта мектебі

1

3

Жанарбек Қымбат

Биология

10

Абай атындағы мектеп-гимназия

2

4

Дугалиева Айдана

Тарих

10

Георгиевка орта мектебі

2

5

ШолтанЕлдос

Математика

10

Турсынов атындағы орта мектебі

3

6

Букеева Жансая

Русский язык в каз кл

11

Абай атындағы мектеп-гимназия

3

7

Магазов Нуртөлеу

географ

11

Абай атындағы мектеп-гимназия

3

8

Гридасова Надежда

Рус  язык в рус кл

11

Карелин  атындағы орта мектебі

3

9

Мамбетниязов Аймұрат

Информатика

9

Георгиевка орта мектебі

3

10

Аскарова Алтынай

Каз язык в каз кл

11

Абай атындағы мектеп-гимназия

3

11

Бекенов Асет

физика

11

Абай атындағы мектеп-гимназия

3

Әртүрлі деңгейдегі айтулы олимпиадалар мен сайыстарға қатысуы бойынша облысымыздың қала, аудандары бойынша жасалынған рейтингі қорытындысында Жарма ауданы оқушылары 2 жыл қатарынан бес орыннан түскен емес.

Дарын орталығының І жартыжылдық бойынша жетістіктері

Жарма ауданында балалардың дарындылығын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын басшылыққа ала отырып, ауданда дарынды балалармен нәтижеге бағытталған түрлі жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта аудандағы барлық білім беру мекемелерінде «Дарын» орталығының бөлімдері ашылып, 2223 баламен жүйелі жұмыс жасауда.

Балалардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызуға жетелеуде аудандық «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Жас сайыс-фестивалі, оқушылардың көркемдік шығармашылық жыл сайын өткізіліп, облыстық, республикалық жүлдегерлерді анықтауда. Нәтижесінде 2012 жылы облыстық Махамбет оқуларында «Өнер» мектебінің оқушылары Дауылхан Жалын II орын, Қалижарова Жадыра III орын иеленді.»Өнер» мектебінің оқушысы Есентаева Еркежан «Жас пианистер» байқауында II орын, облыстық «Сиқырлы би» сайысында II орын иеленді.

Оқушылардың әр түрлі өнерге құштарлығын, қызығушылықтарын арттыру үшін мектеп алды даярлық тәрбиеленушілері арасында аудандық «Айгөлек» өнер сайысы, 1-11 сынып оқушылары арасында «Бозторғай» ән сайысы, «Айналайын» би сайысы ұйымдастырылса, жас спортшылар арасында спорттық сайысын өткізу дәстүрге айналды. Екі жылда 1 рет өткізілетін «Жас техниктер» көрмесі, «Көрме шығармалар және қолданбалы өнер» көрмелері нәтижесінде аудан оқушылары облыстық көрмелерде жүлдегер атанды.
Балалардың дарындылығын дамыту және Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауданымыздың 44 мектебінде «Өнерпаз», «Ырғақ», «Шебер қолдар», «Абайтану», «Өлкетану», «Жас суретшілер», «Жас техник», «Домбырашылар» үйірмелерінде барлығы-2246 оқушы, Қалбатау ауылындағы аудандық Балалар «Өнер» мектебі және Шар қаласы мен Жарық ауылындағы өнер мектебінің 2 филиалында 158 бала тәрбиеленеді.

Ең талантты, жас дарынды зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету мақсатында білім бөлімінің ұйымдастыруымен жылына 2 рет дарынды балаларға арналған Кіші Академия өткізіледі;
Білім сапасы, ең алдымен, бала қабілетіне қатысты ұғым.Дарынды балалар орталығы қаншалықты қабілетті оқушыларды қамти білсе, сапалы білім беруге қолайлы негіз жасалынады. «Дарын» орталығының күзгі, қысқы, көктемгі мектебінде 10-11 сыныптың өте жақсы оқитын оқушылары 1 апта бойы математика, физика, биология пәндерінен жоғары білікті ұстаздардан сабақ алады.

Жарма аудандық білім беру мекемелерінде 2010 жылдан бастап интеллектуалдық сыныптар санын арттырып, математик-физика бағытындағы топтар жұмыс жасауда. Нәтижесінде ауданымыздың оқушылары облыстық «Жас математик» сайысына қатысып, II орын иеленді. Дарынды балалармен нәтижелі жұмыс жетістігі іс-қызметінің негізгі критерийлері, олардың пәндік олимпиадалар мен әр түрлі деңгейдегі сайыстар арқылы болады.
Аудандық 4-11 сынып оқушылары арасында өтетін пәнаралық олимпиадаға ауданымыздың мектепшілік олимпиада жеңімпаздары қатысады.

2012 жылдың қаңтар айында өткен облыстық олимпиадаға аудандық олимпиада жеңімпаздары 13 оқушы қатысып, оның 6-сы жүлдегер атанды. Қазақ тілінен Ақтайлақ би ат ом Қыдырқанова Ақжарқын, физика пәнінен Маяковский ат ом Байғалиев Мағжан I орынды жеңіп алып,Республикалықолимпиадаға жолдама алды. ҚыдырқановаАқжарқын Республикалық пәнаралық олимпиада қазақ тілі пәні бойынша III орын, «Ең үздік ауыл оқушысы»номинациясын, мұғалімі Т.Шатанова «Ең үздік ауыл оқушысы»номинациясын иеленеді.(10 сынып оқушылары). 3-ші жүлделі орынды Георгиевка ом 10 с оқушысы Мамбетниязов Құтылмұрат информатика пәнінен, Абай ат м 11 с оқушысы Дәуіт Шынар орыс тілі, Маяковский ат ом 11 с оқушысы Спангазиев А. Химия пәнінен (Шәкәрім ат МУ грантын иеленді) жеңіп алды. 2012 ж. 15 ақпанда облыстық «Сөз және мәтін» сайысында Абай ат ом оқушысы Қуаныш Сандуған 1 орын иеленіп,Республикағажолдама алды. «Жарқын болашақ» облыстық сайысында Георгиевка орта мектебінің оқушысы Дураченко Галина 2011 жылғы Қанипа Бітібаеваға арналған халықаралықолимпиадасында II орын алған оқушымыздың біреуі. V Республикалық Президенттік олимпиаданың облыстық турына ауданымыздың 3 оқушы қатысып, Маяковский ат ом 11 сынып оқушысы Байғалиев Мағжан II турға өтіп, сертификат алды.

2013 жылдың қаңтар айында өткен облыстық олимпиадаға 26 оқушы қатысып, оның 8-і жүлдегер атанды. Георгивка орта мектебінің информатика пәнінен 11 сынып оқушысы Мамбетниязов Құтылмұрат III орын және ШҚМУ-ға грант иеленді. География пәнінен 10 сынып оқушысы Тоқтарбекова Айым III орын жеңіп алды. Маяковский ат орта мектебінің 10 сынып оқушысы Капезов Нұржан тарих пәнінен III орын алса, құқық негіздерінен Дауылхан Жалын III орын алды.11 сынып оқушысы Байғалиев Мағжан СДИ-ға грант жеңіп алды. Карелин ат ом биология пәнінен 9 сынып оқушысы Мұратказинова Алма III орын алды. Бақыршық орта мектебінің 10 сынып оқушысы Казачкова Мария қазақ тілі пәні бойынша III орын алды. Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сайын Ықылас география пәнінен II орын иеленді.

Қажыгелді орта мектебінің оқушылары облыстық «Дарын» орталығы өткізген суреттер сайысында II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық «Дарын» орталығы ұйымдастыратын логикадан «Айналайын» сайысына 654 оқушы қатысып, 25 оқушы жүлдегер атанса, «Ақбота» сайысына 328 оқушы қатысып, 65-і жүлдегер атанды. Марафон нәтижесінде ауданымыздың 9 оқушысы Астана қаласы және «Балдәурен» сауықтыру кешенінен тегін жолдама алды.

Ауданымызда аудан әкімінің дарынды, озат оқушылармен кездесуі өткізіліп тұрады. Жыл сайын түлектердің мейрамы Армандастар өткізіледі. Кездесулерде оқушыларға аудан әкімінің марапаттауы мен қатар сыйлықтар тапсырылады. Ауданымыздың ұстаздары көптеген сайысарға қатысып, жүлделі орындар иеленді. 2012 жылдың тамыз айында облыстық сайыста «Үздік жыл мектебі» «Денсаулық мектебі» номинациясы бойынша Крупская атындағы орта мектебі жеңімпаз болды. 2012 жылдың 10 қазан күні ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы облыстық «Ең үздік жыл психологы» байқауы өткізді. Оған Жарма ауданынан 6 психолог қатысты. 3 психолог орын алды., ол Айдарканова Назгүл Оралғазықызы (Карелин ат ом)-ІІІ орынға, Абдрасулова Ляззат Габдылгабаровна (18 кешкі мектеп) және Тагиева Индира Таваккул-қызы (236 ом) І орындарға ие болды.

2012 жылдың 10-12 қараша күндері «Ең үздік жыл психологы» атты республикалық байқауында Абдрасулова Ляззат Габдылгабаровна (18 кешкі мектеп) және Тагиева Индира Таваккул-қызы (236 ом) ІІ орындарға ие болды.
2014 оқу жылында ШҚО ӨҒП «Дарын» орталығының 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәнаралық олимпиаданың облыстық кезеңінде Шакенов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жолдаспек Гулназ география пәні бойынша І орын, Жаңғызтөбе орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дюсенғалиева Назгүл І орын иеленіп, республикаға жолдама алды. Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Орынбай Мөлдір қазақ тілі пәні бойынша ІІІ орын иеленді.

 

2012 жылдың «Дарын» орталығының жетістіктері
2011 жылдың 3 қорытындысы бойынша «Дарын» орталығының жетістіктері
2010 жылдың қортындысы бойынша «Дарын» орталығының жетістіктері

 

Парақтар өзгертілді: 25-01-2017