Білім беру

Дарынды балалармен жұмыс

Работа с одаренными детьми Ауданда балалардың дарындылығын дамыту мақсатында дарынды балалармен түрлі жұмыстар жүргізілуде. 

Ұлттың интелектуалдық потенциалын қалыптастырудағы мемлекеттік саясат қабілетті және талантты балаларды қолдау болып табылады. Қоғамда инновациялық секіріс жасау балалардың танымдық қабілеттері мен ғылымға деген тұрақты қызығушылығының арқасында келеді. Біздің оқушыларымыздың әр түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеңіске жетуі аудандық білім беру жүйесінің облыстық, республикалық деңгейде танылуының көрінісі және оның сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ауданда балалардың дарындылығын дамыту мақсатында қабілетті балалармен түрлі жұмыстар жүргізілуде. Балалардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызуға жетелеуде аудандық  «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», әртүрлі интеллектуалдық сайыстар мен олимпиадалар, оқушылардың көркемдік шығармашылық конкурстары жыл сайын өткізіліп, облыстық, республикалық жүлдегерлерді анықтауда. 

Облыстық «Дарын» орталығы ұйымдастыратын «Айналайын»,«Ақ бота»,«Малахит» республикалық интеллектуалдық конкурсына  1826 оқушы қатысып,  542-сі жүлдегер атанды. Бұдан басқа «Кенгуру», «Бульдог», «Пони», «Золотое руно» халықаралық конкурстарға да қатысу пайызы жоғарылап, жүлдегерлер саны жыл сайын өсуде. Біздің ауданның оқушылары әртүрлі ғылыми-зерттеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында  өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, Георгиевка орта мектебінен И.Серік, Карелин атындағы орта мектебінен Мараш Жақсылық, Самаева Нурай жүлделі орындарға ие болды. Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің оқушысы Төлеубеков Жәнібек «Болашақ энергиясы» тақырыбында Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар сайысында жүлделі 1 орынға ие болды. Түркістан қаласындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай оқушылар мен студенттер арасында өткен І Республикалық ашық жастар конференциясына № 236 орта мектебі оқушылары қатысып, 1 оқушы 1-ші орын, 2 оқушы 2-ші орын, 1 оқушы 3-ші орынға ие болды. «ЭКСПО-2017» болашақ энергиясы облыстық жобалар сайысында № 236 ом оқушысы Шабанов Есен 3-ші орынға ие болды.

2016 жылы 16 сәуірде облыстық «Дарын» орталығы ұйымдастырған бастауыш сынып оқушылары олимпиадасында 3 оқушы жүлделі орын алды. Карелин ат ом оқушысы Сейтжагипарова Ажар қазақ тілінен 1 орын, Маяковский ат ом оқушысы Султанбеков Нурали және Қажыкелді ат ом оқушысы Ниязбек Пәкжан орыс тілі және қазақ тілінен 3-ші орын иеленді.

Қажыгелді атындағы орта мектебінің 11-ші сынып оқушысы Сайран Рашида Москва қаласында өткен «математика және жобалау» 7-ші Халықаралық ғылыми конкурсына қатысып, 2 орын иеленіп, мемлекеттік грантты ұтып алды.
Облыс орталығында ұйымдастырылатын командалық олимпиадаларда да біздің аудан мектептері жүлделі орындарға ие болуда.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ұйымдастыруымен өткізілген «GEO Олимпия – табысқа төте жол» атты облыстық география пәнінен олимпиадаға ауданымыздан 12 оқушы қатысып, нәтижесінде Георгиевка ом-нің 11 сынып оқушысы Шакіртов Е 3 орынға ие болды.
«Химиялық калейдоскоп» химия пәнінен облыстық олимпиадада Ақтайлақ би ат ом-і оқушыларынан құралған команда 1 орынды жеңіп алды. Облыстық дарынды және қабілетті оқушылар арасында өткен «Жас математик», «Жас физик» сайысында аудан мектептерініңкомандалары (Бақыршық ом, Георгиевка ом, Маяковский ат ом, Ақтайлақ би ат ом) қатысып жүлделі 1-ші, 2-ші және 3-ші орындарға ие болды. «Абай мен Шәкәрім» оқулары бойынша Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің оқушысы Латиф Балжан облыста 3 орынға ие болды.
Сонымен қатар бірнеше оқушы Ресей мемлекетінде өткен әртүрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Аудан орталығындағы «Өнер» мектебінің тәрбиеленушілері де облыс, Республика көлемінде өткізілген ән, би байқауларында топ жарды.

2016 жылы қаңтар айында өткен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары 11 жүлделі орын алса, оның 2-еуі 1-ші орын, 2-еуі ІІ орын, 7 оқушы 3-ші орынды иеленді. Қазақстан тарихы пәнінен Карелин атындағы ом-нің оқушысы Қайыртай Дәуір, Маяковский атындағы ом-нің оқушысы Нуртуганов Нурмухан география пәнінен 1-ші орын иеленді.  Маяковский атындағы ом-нің оқушысы Нуртуганов Нурмухан Көкшетау қаласында өткен Республикалық олимпиадада сертификат иеленді.
2017 жылы қаңтар айында өткен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары 15 жүлделі орын алса, оның 1-еуі 1-ші орын, 3-еуі ІІ орын, 11 оқушы 3-ші орынды иеленді. Маяковский атындағы ом-нің 11 сынып оқушысы Нуртуганов Нурмухан география пәнінен 1-ші орын иеленді. Олимпиадада 3 жүлделі орынды Ақтайлақ би ат ом, Георгиевка ом, 2 жүлделі орынды Маяковский ат ом, Абай ат мг, одан басқа Теряев, Қажыгелді ат ом, Карелин ат ом, Бақыршық ом, №236 ом-і оқушылары иеленді.

 

Мұрағат

Дарын орталығының 2014-2015 жылдың І жартыжылдығы бойынша жетістіктері
   

 

Парақтар өзгертілді: 25-01-2017